Хадис

Сахих Мүслим, № 1444

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
42. Дем салу кітабыكِتَابُ الرُّقَى
бап
1. Жәбірейілдің (а.с.) Пайғамбарға (с.а.с.) дем салуы туралыبَابٌ: فِي رُقْيَةِ جِبْرِيلَ عَلَيْهِ السَّلَامُ لِلنَّبِيِّ ﷺ
Нөмірі
№ 1444 (Мухтасар реті)
1444
Мүслим, № 1444

عَنْ عَبْدِ الْعَزِيزِ بْنِ صُهَيْبٍ، عَنْ أَبِي نَضْرَةَ، عَنْ أَبِي سَعِيدٍ، أَنَّ جِبْرِيلَ عَلَيْهِ السَّلَامُ أَتَى النَّبِيَّ ﷺ فَقَالَ: «يَا مُحَمَّدُ، اِشْتَكَيْتَ؟» فَقَالَ: «نَعَمْ». قَالَ: «بِاسْمِ اللَّهِ أَرْقِيكَ، مِنْ كُلِّ شَيْءٍ يُؤْذِيكَ، مِنْ شَرِّ كُلِّ نَفْسٍ أَوْ عَيْنِ حَاسِدٍ، اللَّهُ يَشْفِيكَ، بِاسْمِ اللَّهِ أَرْقِيكَ».

Қазақша аудармасы

Абдулазиз ибн Суһайб Әбу Надра арқылы Әбу Сағидтен мына хабарды жеткізді: «Жәбірейіл (аләйһис-сәләм) Пайғамбарға (с.а.с.) келіп: “Уа, Мұхаммед! Сырқаттанып қалдың ба?” – деп сұрады. Ол (с.а.с.): “Иә”, – деді. Сонда Жәбірейіл (аләйһис-сәләм): “Саған зиян тигізетін әрбір нәрседен, әрбір жанның жамандығынан немесе күншілдің сұқ көзінен Алланың атымен саған дем саламын. Алла саған шипа берсін! Алланың атымен саған дем саламын”, – деді» (2186/40).