Хадис

Сахих Мүслим, № 1478

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
43. Ауру және емдеу кітабыكِتَابُ الْمَرَضِ وَالطِّبِّ
бап
14. Ауыздың бір шетінен дәрі құю (ләдуд) арқылы емделу туралыبَابٌ: التَّدَاوِي بِاللَّدُودِ
Нөмірі
№ 1478 (Мухтасар реті)
1478
Мүслим, № 1478Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، قَالَتْ: «لَدَدْنَا رَسُولَ اللَّهِ ﷺ فِي مَرَضٍ، فَأَشَارَ: “أَنْ لَا تَلُدُّونِي”. فَقُلْنَا: “كَرَاهِيَةَ الْمَرِيضِ لِلدَّوَاءِ”، فَلَمَّا أَفَاقَ قَالَ: “لَا يَبْقَى أَحَدٌ مِنْكُمْ إِلَّا لُدَّ، غَيْرُ الْعَبَّاسِ، فَإِنَّهُ لَمْ يَشْهَدْكُمْ”».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.) сырқаттанып жатқанда, аузының бір шетінен дәрі құйдық. Ол бізге өзіне дәрі құймауды ыммен білдірді. Біз: “Бұл – науқастың дәріні жақтырмағанынан ғой”, – дедік. Ол есін жиған соң: “Аббастан басқа араларыңдағы әрбір адамның аузының бір шетінен дәрі құйылсын. Өйткені ол сендермен бірге болған жоқ”, – деді» (2213/85).