Хадис

Сахих Мүслим, № 1484

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
44. Оба кітабыكِتَابُ الطَّاعُونِ
бап
1. Оба және оның азап екені, сондай-ақ оба тараған жерге бармау әрі одан қашып шықпау туралыبَابٌ: فِي الطَّاعُونِ وَأَنَّهُ رِجْزٌ فَلَا تَدْخُلُوا عَلَيْهِ وَلَا تَخْرُجُوا فِرَارًا مِنْهُ
Нөмірі
№ 1484 (Мухтасар реті)
1484
Мүслим, № 1484Риуаят етуші: Усама ибн Зәйд (р.а.)

عَنْ أُسَامَةَ بْنِ زَيْدٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، عَنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ أَنَّهُ قَالَ: «إِنَّ هَذَا الْوَجَعَ» (أَوِ: «السَّقَمَ») «رِجْزٌ عُذِّبَ بِهِ بَعْضُ الْأُمَمِ قَبْلَكُمْ، ثُمَّ بَقِيَ بَعْدُ بِالْأَرْضِ، فَيَذْهَبُ الْمَرَّةَ وَيَأْتِي الْأُخْرَى، فَمَنْ سَمِعَ بِهِ بِأَرْضٍ، فَلَا يَقْدَمَنَّ عَلَيْهِ، وَمَنْ وَقَعَ بِأَرْضٍ وَهُوَ بِهَا فَلَا يُخْرِجَنَّهُ الْفِرَارُ مِنْهُ».

Қазақша аудармасы

Усама ибн Зәйд (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.): «Расында, бұл кесел немесе ауру – сендерден бұрынғы кейбір үмбеттер жазаланған азаптың бірі. Кейін ол жер бетінде қалып қойды: бірде кетіп, бірде қайта келеді. Кім оның бір жерде тарағанын естісе, ол жерге бармасын. Ал ол кімнің тұрған жерінде тараса, сол адам одан қашамын деп ол жерден шықпасын», – дегенін жеткізді (2218/96).