Хадис
كِتَابُ الْكِهَانَةِ

Көріпкелдік кітабы

Сахих Мүслим, 46-кітап · 3 хадис · № 1494–1496

Мазмұны: 4 бап
  1. 1Көріпкелдерге баруға тыйым салу және сызық сызып бал ашу туралы
  2. 2Жындардың есте сақтап қалатын сөздері туралы
  3. 3Шайтандардың жасырын тыңдау кезінде жұлдыздармен атқылануы туралы
  4. 4Балгерге барған адамның намазы қабыл болмайтыны туралы
بَابٌ: النَّهْيُ عَنْ إِتْيَانِ الْكُهَّانِ وَذِكْرُ الْخَطِّ

1-бапКөріпкелдерге баруға тыйым салу және сызық сызып бал ашу туралы

فِيهِ حَدِيثُ مُعَاوِيَةَ بْنِ الْحَكَمِ السُّلَمِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، وَقَدْ تَقَدَّمَ فِي كِتَابِ الصَّلَاةِ [رَقْمَ ٣٣٣].

Бұл бапқа қатысты Мұғауия ибн әл-Хакам әс-Суләмидің (р.а.) хадисі «Намаз кітабында» бұған дейін келтірілген (№333).

بَابٌ: مَا تَحْفَظُهُ الْجِنُّ

2-бапЖындардың есте сақтап қалатын сөздері туралы

1494
Мүслим, № 1494Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، قَالَتْ: سَأَلَ أُنَاسٌ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ عَنِ الْكُهَّانِ، فَقَالَ لَهُمْ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَيْسُوا بِشَيْءٍ». قَالُوا: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، فَإِنَّهُمْ يُحَدِّثُونَ أَحْيَانًا الشَّيْءَ يَكُونُ حَقًّا». قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «تِلْكَ الْكَلِمَةُ مِنَ الْحَقِّ يَخْطَفُهَا الْجِنِّيُّ، فَيَقُرُّهَا فِي أُذُنِ وَلِيِّهِ قَرَّ الدَّجَاجَةِ، فَيَخْلِطُونَ فِيهَا أَكْثَرَ مِنْ مِائَةِ كَذْبَةٍ».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай деді: «Бірнеше адам Алла Елшісінен (с.а.с.) балгерлер туралы сұрады. Алла Елшісі (с.а.с.) оларға: “Олар түкке тұрмайды”, – деді. Олар: “Уа, Расулалла! Бірақ олар кейде бір нәрсе айтып, сол айтқандары рас болып шығады”, – деді. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): “Бұл – ақиқат сөз. Жын оны ұрлап естіп, өз сыбайласының құлағына тауықтың қыт-қыттағанындай жеткізеді. Содан кейін олар оған жүзден астам өтірік араластырады”, – деді» (2228/123).

بَابٌ: فِي رَمْيِ الشَّيَاطِينِ بِالنُّجُومِ عِنْدَ اِسْتِرَاقِ السَّمْعِ

3-бапШайтандардың жасырын тыңдау кезінде жұлдыздармен атқылануы туралы

1495
Мүслим, № 1495Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: «أَخْبَرَنِي رَجُلٌ» (وَفِي رِوَايَةٍ: «رِجَالٌ») «مِنْ أَصْحَابِ النَّبِيِّ ﷺ مِنَ الْأَنْصَارِ، أَنَّهُمْ بَيْنَمَا هُمْ جُلُوسٌ لَيْلَةً مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ رُمِيَ بِنَجْمٍ فَاسْتَنَارَ، فَقَالَ لَهُمْ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “مَاذَا كُنْتُمْ تَقُولُونَ فِي الْجَاهِلِيَّةِ إِذَا رُمِيَ بِمِثْلِ هَذَا؟” قَالُوا: “اللَّهُ وَرَسُولُهُ أَعْلَمُ. كُنَّا نَقُولُ: ‘وُلِدَ اللَّيْلَةَ رَجُلٌ عَظِيمٌ، وَمَاتَ رَجُلٌ عَظِيمٌ’”. فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “فَإِنَّهَا لَا يُرْمَى بِهَا لِمَوْتِ أَحَدٍ وَلَا لِحَيَاتِهِ، وَلَكِنْ رَبُّنَا، تَبَارَكَ وَتَعَالَى اسْمُهُ، إِذَا قَضَى أَمْرًا سَبَّحَ حَمَلَةُ الْعَرْشِ، ثُمَّ سَبَّحَ أَهْلُ السَّمَاءِ الَّذِينَ يَلُونَهُمْ، حَتَّى يَبْلُغَ التَّسْبِيحُ أَهْلَ هَذِهِ السَّمَاءِ الدُّنْيَا. ثُمَّ قَالَ الَّذِينَ يَلُونَ حَمَلَةَ الْعَرْشِ لِحَمَلَةِ الْعَرْشِ: ‘مَاذَا قَالَ رَبُّكُمْ؟’ فَيُخْبِرُونَهُمْ مَاذَا قَالَ”. قَالَ: “فَيَسْتَخْبِرُ بَعْضُ أَهْلِ السَّمَاوَاتِ بَعْضًا، حَتَّى يَبْلُغَ الْخَبَرُ هَذِهِ السَّمَاءَ الدُّنْيَا، فَتَخْطَفُ الْجِنُّ السَّمْعَ فَيَقْذِفُونَ إِلَى أَوْلِيَائِهِمْ، وَيُرْمَوْنَ بِهِ، فَمَا جَاءُوا بِهِ عَلَى وَجْهِهِ فَهُوَ حَقٌّ، وَلَكِنَّهُمْ يَقْرِفُونَ فِيهِ وَيَزِيدُونَ”».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Аббас (р.а.) былай деді: «Маған Пайғамбардың (с.а.с.) ансарлардан болған бір сахабасы (басқа риуаятта: бірнеше сахаба) бір түні өздері Алла Елшісімен (с.а.с.) бірге отырған кезде, аспанда бір жұлдыз атылып, айнала жарқырап кеткенін хабарлады. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.) олардан: “Жәһилиет дәуірінде осындай жұлдыз атылғанда не деуші едіңдер?” – деп сұрады. Олар: “Алла мен Оның Елшісі жақсы біледі. Біз: ‘Бүгін түнде бір ұлы адам дүниеге келді, бір ұлы адам қайтыс болды’, – деуші едік”, – деді. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): “Ол ешкімнің өлуіне де, дүниеге келуіне де байланысты атылмайды. Алайда есімі берекелі әрі аса ұлық Раббымыз бір істі үкім еткен кезде, Аршыны көтеріп тұрған періштелер Оны пәктеп, дәріптейді. Содан кейін оларға жақын тұрған аспан тұрғындары Оны пәктеп, дәріптейді. Осылайша бұл дәріптеу осы дүние аспанының тұрғындарына дейін жетеді. Содан кейін Аршыны көтеріп тұрған періштелерге жақын тұрғандар олардан: ‘Раббыларың не айтты?’ – деп сұрайды. Олар Раббыларының не айтқанын хабарлайды. Сөйтіп, аспан тұрғындары бір-бірінен хабар сұрасып, ақыры хабар осы дүние аспанына дейін жетеді. Сонда жындар естіген сөздерін іліп әкетіп, өз жақтастарына жеткізеді. Бірақ өздері сол жұлдыздармен атқыланады. Олар хабарды өз қалпында жеткізсе, сол сөзі – ақиқат. Алайда олар оған өтірік араластырып, үстемелейді”, – деді» (2229/124).

بَابٌ: مَنْ أَتَى عَرَّافًا لَمْ تُقْبَلْ لَهُ صَلَاةٌ

4-бапБалгерге барған адамның намазы қабыл болмайтыны туралы

1496
Мүслим, № 1496

عَنْ صَفِيَّةَ (هِيَ بِنْتُ أَبِي عُبَيْدٍ)، عَنْ بَعْضِ أَزْوَاجِ النَّبِيِّ ﷺ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ، قَالَ: «مَنْ أَتَى عَرَّافًا فَسَأَلَهُ عَنْ شَيْءٍ، لَمْ تُقْبَلْ لَهُ صَلَاةٌ أَرْبَعِينَ لَيْلَةً».

Қазақша аудармасы

Әбу Убайдтың қызы Сафия Пайғамбардың (с.а.с.) жұбайларының бірінен мына хадисті жеткізді: «Пайғамбар (с.а.с.): “Кім балгерге барып, одан бір нәрсе туралы сұраса, оның қырық түн бойы оқыған намазы қабыл болмайды”, – деді» (2230/125).