Хадис
كِتَابُ الشِّعْرِ وَغَيْرِهِ

Өлең және өзге мәселелер кітабы

Сахих Мүслим, 48-кітап · 6 хадис · № 1506–1511

Мазмұны: 6 бап
  1. 1Өлең және оны оқу туралы
  2. 2Ақын айтқан ең ақиқат сөз туралы
  3. 3Өлеңге шектен тыс берілудің құпталмайтыны туралы
  4. 4Асыра мақтаушылардың бетіне топырақ шашу туралы
  5. 5Біреуді ізгі деп дәріптеудің және мақтаудың құпталмайтыны туралы
  6. 6Нәрдшир (нарды) ойынын ойнау туралы
بَابٌ: فِي الشِّعْرِ وَإِنْشَادِهِ

1-бапӨлең және оны оқу туралы

1506
Мүслим, № 1506

عَنِ الشَّرِيدِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «رَدِفْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَوْمًا، فَقَالَ: “هَلْ مَعَكَ مِنْ شِعْرِ أُمَيَّةَ بْنِ أَبِي الصَّلْتِ شَيْءٌ؟” قُلْتُ: “نَعَمْ”. قَالَ: “هِيهْ”. فَأَنْشَدْتُهُ بَيْتًا، فَقَالَ: “هِيهْ”. ثُمَّ أَنْشَدْتُهُ بَيْتًا، فَقَالَ: “هِيهْ” حَتَّى أَنْشَدْتُهُ مِائَةَ بَيْتٍ».

Қазақша аудармасы

Әш-Шәрид (р.а.) былай деді: «Бір күні Алла Елшісінің (с.а.с.) артына мінгесіп келе жатқан едім. Ол менен: “Үмәйя ибн Әбу әс-Салттың өлеңдерінен білетінің бар ма?” – деп сұрады. Мен: “Иә”, – дедім. Ол: “Айта бер”, – деді. Мен оған бір бәйіт оқыдым. Ол тағы да: “Айта бер”, – деді. Мен тағы бір бәйіт оқыдым. Ол тағы да: “Айта бер”, – деді. Осылайша оған жүз бәйіт оқып бердім» (2255/1).

بَابٌ: أَصْدَقُ كَلِمَةٍ قَالَهَا الشَّاعِرُ

2-бапАқын айтқан ең ақиқат сөз туралы

1507
Мүслим, № 1507Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «أَصْدَقُ كَلِمَةٍ قَالَهَا شَاعِرٌ كَلِمَةُ لَبِيدٍ: “أَلَا كُلُّ شَيْءٍ مَا خَلَا اللَّهَ بَاطِلٌ”».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Алла Елшісі (с.а.с.): “Ақын айтқан ең шын сөз – Ләбидтің: ‘Біліңдер, Алладан өзгенің бәрі – жалған’, – деген сөзі”, – деді», – деген (2256/3).

بَابٌ: كَرَاهِيَةُ الِامْتِلَاءِ مِنَ الشِّعْرِ

3-бапӨлеңге шектен тыс берілудің құпталмайтыны туралы

1508
Мүслим, № 1508

عَنْ سَعْدِ بْنِ أَبِي وَقَّاصٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، عَنِ النَّبِيِّ ﷺ، قَالَ: «لَأَنْ يَمْتَلِئَ جَوْفُ أَحَدِكُمْ قَيْحًا حَتَّى يَرِيَهُ خَيْرٌ مِنْ أَنْ يَمْتَلِئَ شِعْرًا».

Қазақша аудармасы

Сағд ибн Әбу Уаққастың (р.а.) айтуынша, Пайғамбар (с.а.с.): «Сендердің біріңнің ішінің өлеңге толғанынан гөрі, іріңге толып, содан бүлінгені жақсы», – деген (2258/8).

بَابٌ: حَثْيُ التُّرَابِ فِي وُجُوهِ الْمَدَّاحِينَ

4-бапАсыра мақтаушылардың бетіне топырақ шашу туралы

1509
Мүслим, № 1509

عَنْ هَمَّامِ بْنِ الْحَارِثِ، أَنَّ رَجُلًا جَعَلَ يَمْدَحُ عُثْمَانَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، فَعَمِدَ الْمِقْدَادُ فَجَثَا عَلَى رُكْبَتَيْهِ (وَكَانَ رَجُلًا ضَخْمًا)، فَجَعَلَ يَحْثُو فِي وَجْهِهِ الْحَصْبَاءَ، فَقَالَ لَهُ عُثْمَانُ: «مَا شَأْنُكَ؟» فَقَالَ: «إِنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: “إِذَا رَأَيْتُمُ الْمَدَّاحِينَ، فَاحْثُوا فِي وُجُوهِهِمِ التُّرَابَ”».

Қазақша аудармасы

Һаммам ибн әл-Харистің айтуынша, бір адам Османды (р.а.) мақтай бастады. Сонда ірі денелі Миқдад оның қасына барып, тізерлей отырды да, әлгі адамның бетіне уыс-уыс қиыршық тас шаша бастады. Осман одан: «Саған не болды?» – деп сұрады. Миқдад: «Расында, Алла Елшісі (с.а.с.): “Асыра мақтаушыларды көрсеңдер, олардың бетіне топырақ шашыңдар”, – деген», – деді (3002/69).

بَابٌ: فِي كَرَاهِيَةِ التَّزْكِيَةِ وَالْمَدْحِ

5-бапБіреуді ізгі деп дәріптеудің және мақтаудың құпталмайтыны туралы

1510
Мүслим, № 1510Риуаят етуші: Әбу Бәкра (р.а.)

عَنْ أَبِي بَكْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، عَنِ النَّبِيِّ ﷺ، أَنَّهُ ذُكِرَ عِنْدَهُ رَجُلٌ، فَقَالَ رَجُلٌ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، مَا مِنْ رَجُلٍ بَعْدَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ أَفْضَلُ مِنْهُ فِي كَذَا وَكَذَا». فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «وَيْحَكَ، قَطَعْتَ عُنُقَ صَاحِبِكَ» مِرَارًا يَقُولُ ذَلِكَ، ثُمَّ قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِنْ كَانَ أَحَدُكُمْ مَادِحًا أَخَاهُ لَا مَحَالَةَ، فَلْيَقُلْ: “أَحْسَبُ فُلَانًا” (إِنْ كَانَ يَرَى أَنَّهُ كَذَلِكَ) “وَلَا أُزَكِّي عَلَى اللَّهِ أَحَدًا”».

Қазақша аудармасы

Әбу Бәкраның (р.а.) айтуынша, Пайғамбардың (с.а.с.) алдында бір адам жайында сөз болды. Сонда бір кісі: «Уа, Расулалла! Алла Елшісінен (с.а.с.) кейін пәлен істе де, түген істе де одан абзал адам жоқ», – деді. Алла Елшісі (с.а.с.): «Сорлы-ау, жолдасыңның мойнын үздің!» – деп, мұны бірнеше рет қайталады. Содан кейін Алла Елшісі (с.а.с.): «Егер біреуің бауырын қалайда мақтағысы келсе, оны шынында сондай деп санаса: “Пәленшені сондай деп ойлаймын. Алладан артық біліп, ешкімді ақтап-пәктемеймін”, – десін», – деді (3000/66).

بَابٌ: اللَّعِبُ بِالنَّرْدَشِيرِ

6-бапНәрдшир (нарды) ойынын ойнау туралы

1511
Мүслим, № 1511Риуаят етуші: Бурайда (р.а.)

عَنْ بُرَيْدَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: «مَنْ لَعِبَ بِالنَّرْدَشِيرِ، فَكَأَنَّمَا صَبَغَ يَدَهُ فِي لَحْمِ خِنْزِيرٍ وَدَمِهِ».

Қазақша аудармасы

Бурайданың (р.а.) айтуынша, Пайғамбар (с.а.с.): «Кім нард ойнаса, қолын шошқаның еті мен қанына малып алғандай болады», – деді (2260/10).