عَنْ أَبِي سَلَمَةَ بْنِ عَبْدِ الرَّحْمَنِ، قَالَ: «مَرَّ بِي عَبْدُ الرَّحْمَنِ بْنُ أَبِي سَعِيدٍ الْخُدْرِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمْ، قَالَ: قُلْتُ لَهُ: “كَيْفَ سَمِعْتَ أَبَاكَ يَذْكُرُ فِي الْمَسْجِدِ الَّذِي أُسِّسَ عَلَى التَّقْوَى؟” قَالَ: قَالَ أَبِي: “دَخَلْتُ عَلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ فِي بَيْتِ بَعْضِ نِسَائِهِ، فَقُلْتُ: ‘يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَيُّ الْمَسْجِدَيْنِ الَّذِي أُسِّسَ عَلَى التَّقْوَى؟’ قَالَ: فَأَخَذَ كَفًّا مِنْ حَصْبَاءَ، فَضَرَبَ بِهِ الْأَرْضَ، ثُمَّ قَالَ: ‘هُوَ مَسْجِدُكُمْ هَذَا’” – لِمَسْجِدِ الْمَدِينَةِ –، قَالَ: فَقُلْتُ: “أَشْهَدُ أَنِّي سَمِعْتُ أَبَاكَ هَكَذَا يَذْكُرُهُ”».
Әбу Сәләмә ибн Абдуррахманның айтуынша, бірде оның жанынан Абдуррахман ибн Әбу Сағид әл-Худри (р.а.) өтіп бара жатты. Әбу Сәләмә одан: «Іргесі тақуалық негізінде қаланған мешіт туралы әкеңнің не айтқанын естідің?» – деп сұрады. Абдуррахман: «Әкем былай деді: “Мен Алла Елшісі (с.а.с.) жұбайларының бірінің үйінде отырған кезде, оның қасына кіріп: ‘Уа, Расулалла! Екі мешіттің қайсысы тақуалық негізінде салынған?’ – деп сұрадым. Сонда ол (с.а.с.) бір уыс ұсақ тас алып, оларды жерге ұрды да: ‘Ол – сендердің мына мешіттерің’, – деді”. Ол (с.а.с.) Мәдина мешітін меңзеген еді», – деді. Сонда Әбу Сәләмә: «Әкеңнің мұны дәл осылай айтқанын естігеніме куәлік етемін», – деді. (1398/514)