عَنْ أُبَيِّ بْنِ كَعْبٍ، قَالَ: «كَانَ رَجُلٌ مِنَ الْأَنْصَارِ بَيْتُهُ أَقْصَى بَيْتٍ فِي الْمَدِينَةِ، فَكَانَ لَا تُخْطِئُهُ الصَّلَاةُ مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ. قَالَ: فَتَوَجَّعْنَا لَهُ، فَقُلْتُ لَهُ: “يَا فُلَانُ، لَوْ أَنَّكَ اشْتَرَيْتَ حِمَارًا يَقِيكَ مِنَ الرَّمْضَاءِ، وَيَقِيكَ مِنْ هَوَامِّ الْأَرْضِ”. قَالَ: “أَمَ وَاللَّهِ مَا أُحِبُّ أَنَّ بَيْتِي مُطَنَّبٌ بِبَيْتِ مُحَمَّدٍ ﷺ”. قَالَ: فَحَمَلْتُ بِهِ حِمْلًا حَتَّى أَتَيْتُ نَبِيَّ اللَّهِ ﷺ، فَأَخْبَرْتُهُ، قَالَ: فَدَعَاهُ، فَقَالَ لَهُ مِثْلَ ذَلِكَ، وَذَكَرَ لَهُ أَنَّهُ يَرْجُو فِي أَثَرِهِ الْأَجْرَ، فَقَالَ لَهُ النَّبِيُّ ﷺ: “إِنَّ لَكَ مَا احْتَسَبْتَ”».
Үбәй ибн Кағб былай деген: «Ансарлардан бір кісі бар еді. Оның үйі Мәдинадағы ең алыстағы үй болатын. Соған қарамастан, ол Алла Елшісімен (с.а.с.) бірге оқылатын бірде-бір намаздан қалмайтын. Біз оның жағдайына жанымыз ашитын. Сонда мен оған: “Уа, пәленше! Аптап ыстық пен жердегі зиянды жәндіктерден қорғану үшін мінетін бір есек сатып алсаңшы”, – дедім. Ол: “Алламен ант етемін, үйім Мұхаммедтің (с.а.с.) үйіне жапсарлас болғанын қаламаймын”, – деді. Оның бұл сөзі маған ауыр тиді де, Алла Елшісіне (с.а.с.) барып, болған жайды айтып бердім. Сонда ол (с.а.с.) әлгі кісіні шақырды. Әлгі кісі оған (с.а.с.) де маған айтқан сөзін қайталап, басқан әрбір қадамы үшін сауаптан үміт ететінін жеткізді. Сонда Пайғамбар (с.а.с.) оған: “Сен үміт еткен сауапқа ие боласың”, – деді». (663/278)