Хадис

Сахих Мүслим, № 252

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
5. Намаз кітабыكِتَابُ الصَّلَاةِ
бап
57. Пияз, порей пиязы немесе сарымсақ жеген адамның мешітке бармай тұруыبَابٌ: اِعْتِزَالُ الْمَسْجِدِ مَنْ أَكَلَ الْبَصَلَ وَالْكُرَّاثَ وَالثُّومَ
Нөмірі
№ 252 (Мухтасар реті)
252
Мүслим, № 252Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

عَنْ جَابِرِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «مَنْ أَكَلَ ثُومًا أَوْ بَصَلًا، فَلْيَعْتَزِلْنَا أَوْ لِيَعْتَزِلْ مَسْجِدَنَا، وَلْيَقْعُدْ فِي بَيْتِهِ». وَإِنَّهُ أُتِيَ بِقِدْرٍ فِيهِ خَضِرَاتٌ مِنْ بُقُولٍ، فَوَجَدَ لَهَا رِيحًا، فَسَأَلَ فَأُخْبِرَ بِمَا فِيهَا مِنَ الْبُقُولِ، فَقَالَ: «قَرِّبُوهَا» إِلَى بَعْضِ أَصْحَابِهِ، فَلَمَّا رَآهُ كَرِهَ أَكْلَهَا، قَالَ: «كُلْ؛ فَإِنِّي أُنَاجِي مَنْ لَا تُنَاجِي».

Қазақша аудармасы

Жәбир ибн Абдулланың (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.): «Кім сарымсақ немесе пияз жесе, бізден аулақ болсын немесе мешітімізден аулақ болып, үйінде отырсын», – деген. Бірде Алла Елшісіне (с.а.с.) ішінде әртүрлі жасыл көкөніс бар қазан әкелінді. Одан иіс сезіп, ішінде не бар екенін сұрады. Оған қазандағы көкөністер жайында айтылды. Сонда ол (с.а.с.): «Мұны жақындатыңдар», – деп, қасындағы сахабаларының біріне ұсынуды бұйырды. Әлгі сахаба Алла Елшісінің (с.а.с.) оны жеуді ұнатпағанын көріп, өзі де жегісі келмеді. Сонда ол (с.а.с.): «Жей бер. Өйткені мен сен тілдеспейтін жанмен тілдесемін», – деді. (564/73)