Хадис

Сахих Мүслим, № 282

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
5. Намаз кітабыكِتَابُ الصَّلَاةِ
бап
86. Құраннан оқуға жеңіл келетін аяттарды оқуبَابٌ: الْقِرَاءَةُ مِمَّا تَيَسَّرَ
Нөмірі
№ 282 (Мухтасар реті)
282
Мүслим, № 282Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ دَخَلَ الْمَسْجِدَ فَدَخَلَ رَجُلٌ فَصَلَّى، ثُمَّ جَاءَ فَسَلَّمَ عَلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَرَدَّ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ عَلَيْهِ السَّلَامَ، قَالَ: «اِرْجِعْ فَصَلِّ؛ فَإِنَّكَ لَمْ تُصَلِّ». فَرَجَعَ الرَّجُلُ فَصَلَّى كَمَا كَانَ صَلَّى، ثُمَّ جَاءَ إِلَى النَّبِيِّ ﷺ فَسَلَّمَ عَلَيْهِ، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «وَعَلَيْكَ السَّلَامُ». ثُمَّ قَالَ: «اِرْجِعْ فَصَلِّ؛ فَإِنَّكَ لَمْ تُصَلِّ» حَتَّى فَعَلَ ذَلِكَ ثَلَاثَ مَرَّاتٍ. فَقَالَ الرَّجُلُ: «وَالَّذِي بَعَثَكَ بِالْحَقِّ، مَا أُحْسِنُ غَيْرَ هَذَا، عَلِّمْنِي». قَالَ: «إِذَا قُمْتَ إِلَى الصَّلَاةِ فَكَبِّرْ، ثُمَّ اِقْرَأْ مَا تَيَسَّرَ مَعَكَ مِنَ الْقُرْآنِ، ثُمَّ اِرْكَعْ حَتَّى تَطْمَئِنَّ رَاكِعًا، ثُمَّ اِرْفَعْ حَتَّى تَعْتَدِلَ قَائِمًا، ثُمَّ اُسْجُدْ حَتَّى تَطْمَئِنَّ سَاجِدًا، ثُمَّ اِرْفَعْ حَتَّى تَطْمَئِنَّ جَالِسًا، ثُمَّ اِفْعَلْ ذَلِكَ فِي صَلَاتِكَ كُلِّهَا».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.) мешітке кірді. Оның артынан бір адам кіріп, намаз оқыды да, Алла Елшісінің (с.а.с.) қасына келіп, сәлем берді. Алла Елшісі (с.а.с.) оның сәлеміне жауап беріп: «Қайтып барып намаз оқы. Өйткені сен намаз оқыған жоқсың», – деді. Әлгі адам қайтып барып, бұрынғыдай намаз оқыды. Содан кейін Алла Елшісінің (с.а.с.) қасына келіп, сәлем берді. Алла Елшісі (с.а.с.): «Саған да сәлем болсын», – деді де: «Қайтып барып намаз оқы. Өйткені сен намаз оқыған жоқсың», – деді. Осы жағдай үш рет қайталанды. Сонда әлгі адам: «Сені ақиқатпен жіберген Алламен ант етемін, мен бұдан артық оқи алмаймын. Маған үйретіңіз», – деді. Алла Елшісі (с.а.с.): «Намазға тұрған кезде тәкбір айт. Содан кейін Құраннан өзіңе жеңіл болғанын оқы. Одан соң рүкүғқа барып, рүкүғта толық орныққанша кідір. Кейін басыңды көтеріп, тік тұрған күйіңе толық кел. Содан соң сәждеге барып, сәждеде толық орныққанша кідір. Кейін басыңды көтеріп, отырған күйіңде толық орныққанша отыр. Осыны бүкіл намазыңда орында», – деді. (397/45)