Хадис

Сахих Мүслим, № 287

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
5. Намаз кітабыكِتَابُ الصَّلَاةِ
бап
90. Бесін және екінті намаздарында Құран оқу туралыبَابٌ: فِي الْقِرَاءَةِ فِي الظُّهْرِ وَالْعَصْرِ
Нөмірі
№ 287 (Мухтасар реті)
287
Мүслим, № 287Риуаят етуші: Әбу Сағид (р.а.)

عَنْ أَبِي سَعِيدٍ الْخُدْرِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ كَانَ يَقْرَأُ فِي صَلَاةِ الظُّهْرِ فِي الرَّكْعَتَيْنِ الْأُولَيَيْنِ فِي كُلِّ رَكْعَةٍ قَدْرَ ثَلَاثِينَ آيَةً، وَفِي الْأُخْرَيَيْنِ قَدْرَ خَمْسَ عَشْرَةَ آيَةً (أَوْ قَالَ: «نِصْفَ ذَلِكَ»)، وَفِي الْعَصْرِ فِي الرَّكْعَتَيْنِ الْأُولَيَيْنِ فِي كُلِّ رَكْعَةٍ قَدْرَ قِرَاءَةِ خَمْسَ عَشْرَةَ آيَةً، وَفِي الْأُخْرَيَيْنِ قَدْرَ نِصْفِ ذَلِكَ.

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Худридің (р.а.) айтуынша, Пайғамбар (с.а.с.) бесін намазының алғашқы екі рәкәғатының әрқайсысында шамамен отыз аяттан, ал кейінгі екі рәкәғатының әрқайсысында шамамен он бес аяттан оқитын. Немесе ол: «Соның жартысындай», – деген. Ал екінті намазының алғашқы екі рәкәғатының әрқайсысында шамамен он бес аяттан, кейінгі екі рәкәғатының әрқайсысында соның жартысындай оқитын. (452/157)