Хадис

Сахих Мүслим, № 293

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
5. Намаз кітабыكِتَابُ الصَّلَاةِ
бап
96. Рүкүғта қолдарды тізелерге қою және алақандарды беттестіріп, тізелердің арасына қою үкімінің жойылуыبَابٌ: وَضْعُ الْيَدَيْنِ عَلَى الرُّكَبِ وَنَسْخُ التَّطْبِيقِ
Нөмірі
№ 293 (Мухтасар реті)
293
Мүслим, № 293

عَنْ مُصْعَبِ بْنِ سَعْدٍ، قَالَ: «صَلَّيْتُ إِلَى جَنْبِ أَبِي، قَالَ: وَجَعَلْتُ يَدَيَّ بَيْنَ رُكْبَتَيَّ، فَقَالَ لِي أَبِي: “اِضْرِبْ بِكَفَّيْكَ عَلَى رُكْبَتَيْكَ”. قَالَ: ثُمَّ فَعَلْتُ ذَلِكَ مَرَّةً أُخْرَى، فَضَرَبَ يَدَيَّ وَقَالَ: “إِنَّا نُهِينَا عَنْ هَذَا، وَأُمِرْنَا أَنْ نَضْرِبَ بِالْأَكُفِّ عَلَى الرُّكَبِ”».

Қазақша аудармасы

Мұсғаб ибн Сағд былай деді: «Мен әкемнің жанында намаз оқып, қолдарымды екі тіземнің арасына қойдым. Сонда әкем: “Екі алақаныңды тізелеріңе қой”, – деді. Кейін тағы бір жолы қолдарымды екі тіземнің арасына қойдым. Ол қолдарымды қағып жіберіп: “Бізге бұлай істеуге тыйым салынды әрі алақандарымызды тізелерімізге қою бұйырылды”, – деді». (535/29)