Хадис

Сахих Мүслим, № 311

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
5. Намаз кітабыكِتَابُ الصَّلَاةِ
бап
113. Намаз соңында сәлем бергенде қолмен ишара жасаудың мәкруһ, яғни құпталмайтын іс саналуыبَابٌ: كَرَاهِيَةُ أَنْ يُشِيرَ بِيَدِهِ إِذَا سَلَّمَ مِنَ الصَّلَاةِ
Нөмірі
№ 311 (Мухтасар реті)
311
Мүслим, № 311Риуаят етуші: Жәбир ибн Сәмура (р.а.)

عَنْ جَابِرِ بْنِ سَمُرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «كُنَّا إِذَا صَلَّيْنَا مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ قُلْنَا: “السَّلَامُ عَلَيْكُمْ وَرَحْمَةُ اللَّهِ، السَّلَامُ عَلَيْكُمْ وَرَحْمَةُ اللَّهِ”، وَأَشَارَ بِيَدِهِ إِلَى الْجَانِبَيْنِ، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “عَلَامَ تُومِئُونَ بِأَيْدِيكُمْ؟” (وَفِي رِوَايَةٍ: “مَا لِي أَرَاكُمْ رَافِعِي أَيْدِيكُمْ كَأَنَّهَا أَذْنَابُ خَيْلٍ شُمْسٍ؟”) “وَإِنَّمَا يَكْفِي أَحَدَكُمْ أَنْ يَضَعَ يَدَهُ عَلَى فَخِذِهِ ثُمَّ يُسَلِّمُ عَلَى أَخِيهِ مَنْ عَلَى يَمِينِهِ وَشِمَالِهِ”».

Қазақша аудармасы

Жәбир ибн Самура (р.а.): «Біз Алла Елшісімен (с.а.с.) бірге намаз оқығанда: “Сендерге Алланың сәлемі мен рақымы болсын! Сендерге Алланың сәлемі мен рақымы болсын!” – дейтінбіз», – деді де, қолымен екі жаққа ишара жасады. Содан кейін сөзін жалғастырып: «Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): “Неге қолдарыңмен асау жылқылардың құйрықтарындай ишара жасайсыңдар? Біреуің қолын санының үстіне қойып, содан кейін оң және сол жағындағы бауырына сәлем берсе, жеткілікті”, – деді», – деген. (431/120)