Хадис

Сахих Мүслим, № 321

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
5. Намаз кітабыكِتَابُ الصَّلَاةِ
бап
123. Азанды естіген адамның мешітке келуге міндетті екендігіبَابٌ: مَا يَجِبُ فِي إِتْيَانِ الْمَسْجِدِ عَلَى مَنْ سَمِعَ النِّدَاءَ
Нөмірі
№ 321 (Мухтасар реті)
321
Мүслим, № 321Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «أَتَى النَّبِيَّ ﷺ رَجُلٌ أَعْمَى، فَقَالَ: “يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنَّهُ لَيْسَ لِي قَائِدٌ يَقُودُنِي إِلَى الْمَسْجِدِ”، فَسَأَلَ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ أَنْ يُرَخِّصَ لَهُ، فَيُصَلِّيَ فِي بَيْتِهِ، فَرَخَّصَ لَهُ، فَلَمَّا وَلَّى، دَعَاهُ، فَقَالَ: “هَلْ تَسْمَعُ النِّدَاءَ بِالصَّلَاةِ؟” قَالَ: “نَعَمْ”. قَالَ: “أَجِبْ”».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Пайғамбарға (с.а.с.) көзі көрмейтін бір кісі келіп: “Уа, Расулалла! Мені мешітке бастап апаратын адамым жоқ”, – деді де, Алла Елшісінен (с.а.с.) үйінде намаз оқуына рұқсат сұрады. Ол (с.а.с.) оған рұқсат берді. Әлгі кісі бұрылып, кетіп бара жатқанда, оны қайта шақырып: “Намазға шақыратын азанды естисің бе?” – деп сұрады. Ол: “Иә”, – деді. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): “Ендеше, шақыруға жауап бер”, – деді», – деген. (653/255)