Хадис

Сахих Мүслим, № 337

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
5. Намаз кітабыكِتَابُ الصَّلَاةِ
бап
138. Намаз оқып тұрған адамның алдынан өтуге қатысты қатаң ескертуبَابٌ: التَّغْلِيظُ فِي الْمُرُورِ بَيْنَ يَدَيِ الْمُصَلِّي
Нөмірі
№ 337 (Мухтасар реті)
337
Мүслим, № 337

عَنْ بُسْرِ بْنِ سَعِيدٍ، أَنَّ زَيْدَ بْنَ خَالِدٍ الْجُهَنِيَّ، أَرْسَلَهُ إِلَى أَبِي جُهَيْمٍ يَسْأَلُهُ مَاذَا سَمِعَ مِنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ فِي الْمَارِّ بَيْنَ يَدَيِ الْمُصَلِّي؟ قَالَ أَبُو جُهَيْمٍ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “لَوْ يَعْلَمُ الْمَارُّ بَيْنَ يَدَيِ الْمُصَلِّي مَاذَا عَلَيْهِ، لَكَانَ أَنْ يَقِفَ أَرْبَعِينَ خَيْرًا لَهُ مِنْ أَنْ يَمُرَّ بَيْنَ يَدَيْهِ”». قَالَ أَبُو النَّضْرِ: «لَا أَدْرِي، قَالَ: “أَرْبَعِينَ يَوْمًا أَوْ شَهْرًا أَوْ سَنَةً”».

Қазақша аудармасы

Буср ибн Сағидтің айтуынша, Зәйд ибн Халид әл-Жуһани оны Алла Елшісінің (с.а.с.) намаз оқып тұрған адамның алдынан өтуші туралы не айтқанын сұрап білу үшін Әбу Жуһәймге жіберген. Әбу Жуһәйм: «Алла Елшісі (с.а.с.): “Намаз оқып тұрған адамның алдынан өтуші өзіне қандай күнә жүктелетінін білгенде, оның алдынан өткеннен гөрі қырық [күн, ай не жыл] тұрып күткені өзі үшін қайырлырақ болар еді”, – деді», – деген. Әбу ән-Надр: «Қырық күн деді ме, ай деді ме, әлде жыл деді ме – білмеймін», – деді. (507/261)