Хадис

Сахих Мүслим, № 352

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
5. Намаз кітабыكِتَابُ الصَّلَاةِ
бап
152. Намазда жаңылысу және сол үшін сәжде жасау жөніндегі бұйрықبَابٌ: السَّهْوُ فِي الصَّلَاةِ وَالْأَمْرُ بِالسُّجُودِ فِيهِ
Нөмірі
№ 352 (Мухтасар реті)
352
Мүслим, № 352Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «صَلَّى بِنَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ إِحْدَى صَلَاتَيِ الْعَشِيِّ، إِمَّا الظُّهْرَ، وَإِمَّا الْعَصْرَ، فَسَلَّمَ فِي رَكْعَتَيْنِ، ثُمَّ أَتَى جِذْعًا فِي قِبْلَةِ الْمَسْجِدِ، فَاسْتَنَدَ إِلَيْهَا مُغْضَبًا، وَفِي الْقَوْمِ أَبُو بَكْرٍ وَعُمَرُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، فَهَابَا أَنْ يَتَكَلَّمَا، وَخَرَجَ سَرَعَانُ النَّاسِ: “قُصِرَتِ الصَّلَاةُ”، فَقَامَ ذُو الْيَدَيْنِ، فَقَالَ: “يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَقُصِرَتِ الصَّلَاةُ أَمْ نَسِيتَ؟” فَنَظَرَ النَّبِيُّ ﷺ يَمِينًا وَشِمَالًا، فَقَالَ: “مَا يَقُولُ ذُو الْيَدَيْنِ؟” قَالُوا: “صَدَقَ، لَمْ تُصَلِّ إِلَّا رَكْعَتَيْنِ”، فَصَلَّى رَكْعَتَيْنِ وَسَلَّمَ، ثُمَّ كَبَّرَ، ثُمَّ سَجَدَ، ثُمَّ كَبَّرَ فَرَفَعَ، ثُمَّ كَبَّرَ وَسَجَدَ، ثُمَّ كَبَّرَ وَرَفَعَ». قَالَ: «وَأُخْبِرْتُ عَنْ عِمْرَانَ بْنِ حُصَيْنٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّهُ قَالَ: “وَسَلَّمَ”».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Алла Елшісі (с.а.с.) бізге күндізгі екі намаздың бірін – бесін немесе екінті намазын – оқытып, екі рәкәғаттан кейін сәлем берді. Содан кейін мешіттің құбыла жағындағы бір құрма діңіне барып, ашулы күйде оған сүйенді. Жамағат арасында Әбу Бәкір мен Омар да бар еді, бірақ екеуі де оған тіл қатуға именді. Жамағат ішіндегі асығыс адамдар: “Намаз қысқартылыпты”, – деп шығып кетті. Сонда Зүл-Ядәйн орнынан тұрып: “Уа, Расулалла! Намаз қысқартылды ма, әлде ұмытып кеттіңіз бе?” – деп сұрады. Пайғамбар (с.а.с.) оң жағына да, сол жағына да қарап: “Зүл-Ядәйн не деп тұр?” – деді. Адамдар: “Ол рас айтты. Сіз екі рәкәғат қана оқыдыңыз”, – деді. Сонда ол (с.а.с.) тағы екі рәкәғат оқып, сәлем берді. Содан кейін тәкбір айтып, сәждеге барды; қайта тәкбір айтып, басын көтерді; одан соң тағы тәкбір айтып, сәждеге барды да, қайтадан тәкбір айтып, басын көтерді», – деген. Мұхаммед ибн Сирин: «Маған Имран ибн Хусайнның: “Содан кейін сәлем берді”, – дегені хабарланды», – деді. (573/97)