Хадис

Сахих Мүслим, № 412

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
5. Намаз кітабыكِتَابُ الصَّلَاةِ
бап
209. Құтбадан түсіріп қалдыруға болмайтын бөліктерبَابٌ: مَا لَا يَجُوزُ حَذْفُهُ مِنَ الْخُطْبَةِ
Нөмірі
№ 412 (Мухтасар реті)
412
Мүслим, № 412Риуаят етуші: Ади ибн Хатим (р.а.)

عَنْ عَدِيِّ بْنِ حَاتِمٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَجُلًا خَطَبَ عِنْدَ النَّبِيِّ ﷺ، فَقَالَ: «مَنْ يُطِعِ اللَّهَ وَرَسُولَهُ فَقَدْ رَشَدَ، وَمَنْ يَعْصِهِمَا فَقَدْ غَوَى». فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «بِئْسَ الْخَطِيبُ أَنْتَ، قُلْ: “وَمَنْ يَعْصِ اللَّهَ وَرَسُولَهُ”». قَالَ ابْنُ نُمَيْرٍ: «فَقَدْ غَوِيَ».

Қазақша аудармасы

Ади ибн Хатим (р.а.): «Бір адам Пайғамбардың (с.а.с.) алдында құтба айтып: “Кім Аллаға және Оның Елшісіне бойсұнса, тура жол тапты. Ал кім екеуіне қарсы келсе, адасты”, – деді. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): “Сен неткен жаман құтбашысың! ‘Ал кім Аллаға және Оның Елшісіне қарсы келсе...’ – деп айт”, – деді», – деген. Ибн Нумәйрдің риуаятында: «Адасты», – деп келген. (870/48)