Хадис

Сахих Мүслим, № 431

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
5. Намаз кітабыكِتَابُ الصَّلَاةِ
бап
228. Әйелдердің екі айт намазына баруы туралыبَابٌ: فِي خُرُوجِ النِّسَاءِ إِلَى الْعِيدَيْنِ
Нөмірі
№ 431 (Мухтасар реті)
431
Мүслим, № 431Риуаят етуші: Үммі Атия (р.а.)

عَنْ أُمِّ عَطِيَّةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، قَالَتْ: «أَمَرَنَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ أَنْ نُخْرِجَهُنَّ فِي الْفِطْرِ وَالْأَضْحَى، الْعَوَاتِقَ وَالْحُيَّضَ وَذَوَاتِ الْخُدُورِ، فَأَمَّا الْحُيَّضُ فَيَعْتَزِلْنَ الصَّلَاةَ، وَيَشْهَدْنَ الْخَيْرَ وَدَعْوَةَ الْمُسْلِمِينَ. قُلْتُ: “يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِحْدَانَا لَا يَكُونُ لَهَا جِلْبَابٌ”. قَالَ: “لِتُلْبِسْهَا أُخْتُهَا مِنْ جِلْبَابِهَا”».

Қазақша аудармасы

Үммі Атия (р.а.): «Алла Елшісі (с.а.с.) бізге Ораза айт пен Құрбан айт күндері бойжеткен қыздарды, етеккір кезіндегі әйелдерді және үйлерінен сирек шығатын қыз-келіншектерді айт намазына алып шығуды бұйырды. Ал етеккір кезіндегі әйелдер намаздан шет тұрып, игілікке және мұсылмандардың дұғасына қатысатын. Мен: “Уа, Расулалла! Кейбіріміздің жамылғымыз жоқ”, – дедім. Ол: “Әпке-сіңлілерінің бірі оған өз жамылғысын кигізсін”, – деді», – деген. (890/12)