Хадис

Сахих Мүслим, № 436

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
5. Намаз кітабыكِتَابُ الصَّلَاةِ
бап
232. Қажылықта намазды қысқартып оқуبَابٌ: قَصْرُ الصَّلَاةِ فِي الْحَجِّ
Нөмірі
№ 436 (Мухтасар реті)
436
Мүслим, № 436Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «خَرَجْنَا مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ مِنَ الْمَدِينَةِ إِلَى مَكَّةَ، فَصَلَّى رَكْعَتَيْنِ رَكْعَتَيْنِ حَتَّى رَجَعَ». قُلْتُ: «كَمْ أَقَامَ بِمَكَّةَ؟» قَالَ: «عَشْرًا». وَفِي رِوَايَةٍ: «خَرَجْنَا مِنَ الْمَدِينَةِ إِلَى الْحَجِّ».

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәлик (р.а.): «Біз Алла Елшісімен (с.а.с.) бірге Мәдинадан Меккеге жолға шықтық. Ол қайтып оралғанға дейін намаздарды екі рәкәғаттан оқыды», – деді. Риуаятшы: «Мен одан: “Ол Меккеде қанша уақыт тұрды?” – деп сұрадым. Ол: “Он күн”, – деді», – деген. Басқа бір риуаятта: «Біз Мәдинадан қажылыққа аттандық», – делінген. (693/15)