Хадис

Сахих Мүслим, № 441

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
5. Намаз кітабыكِتَابُ الصَّلَاةِ
бап
237. Сапарда нәпіл намаз оқымауبَابٌ: تَرْكُ التَّنَفُّلِ فِي السَّفَرِ
Нөмірі
№ 441 (Мухтасар реті)
441
Мүслим, № 441

عَنْ حَفْصِ بْنِ عَاصِمٍ، قَالَ: «صَحِبْتُ ابْنَ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا فِي طَرِيقِ مَكَّةَ، قَالَ: فَصَلَّى لَنَا الظُّهْرَ رَكْعَتَيْنِ، ثُمَّ أَقْبَلَ وَأَقْبَلْنَا مَعَهُ، حَتَّى جَاءَ رَحْلَهُ، وَجَلَسَ وَجَلَسْنَا مَعَهُ، فَحَانَتْ مِنْهُ اِلْتِفَاتَةٌ نَحْوَ حَيْثُ صَلَّى، فَرَأَى نَاسًا قِيَامًا، فَقَالَ: “مَا يَصْنَعُ هَؤُلَاءِ؟” قُلْتُ: “يُسَبِّحُونَ”. قَالَ: “لَوْ كُنْتُ مُسَبِّحًا لَأَتْمَمْتُ صَلَاتِي. يَا ابْنَ أَخِي، إِنِّي صَحِبْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ فِي السَّفَرِ، فَلَمْ يَزِدْ عَلَى رَكْعَتَيْنِ حَتَّى قَبَضَهُ اللَّهُ، وَصَحِبْتُ أَبَا بَكْرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، فَلَمْ يَزِدْ عَلَى رَكْعَتَيْنِ حَتَّى قَبَضَهُ اللَّهُ، وَصَحِبْتُ عُمَرَ، فَلَمْ يَزِدْ عَلَى رَكْعَتَيْنِ حَتَّى قَبَضَهُ اللَّهُ، ثُمَّ صَحِبْتُ عُثْمَانَ، فَلَمْ يَزِدْ عَلَى رَكْعَتَيْنِ حَتَّى قَبَضَهُ اللَّهُ، وَقَدْ قَالَ اللَّهُ: ﴿لَقَدْ كَانَ لَكُمْ فِي رَسُولِ اللَّهِ أُسْوَةٌ حَسَنَةٌ﴾ [الْأَحْزَابِ: 21]”».

Қазақша аудармасы

Хафс ибн Асым былай деген: «Мен Меккеге барар жолда Ибн Омарға (р.а.) серік болдым. Ол бізге имам болып, бесін намазын екі рәкәғат оқыды. Содан соң ол кері қайтты, біз де онымен бірге қайттық. Тоқтаған жеріне келіп отырды, біз де онымен бірге отырдық. Бір кезде ол намаз оқыған жағына бұрылып қарап, түрегеп тұрған адамдарды көрді де: “Бұлар не істеп жатыр?” – деп сұрады. Мен: “Нәпіл намаз оқып жатыр”, – дедім. Сонда ол: “Егер нәпіл намаз оқитын болсам, намазымды толық оқыр едім. Уа, бауырымның баласы! Мен Алла Елшісіне (с.а.с.) сапарда серік болдым. Ол Алла жанын алғанға дейін намазын екі рәкәғаттан асырған жоқ. Әбу Бәкірге (р.а.) де серік болдым. Ол да Алла жанын алғанға дейін намазын екі рәкәғаттан асырған жоқ. Омарға да серік болдым. Ол да Алла жанын алғанға дейін намазын екі рәкәғаттан асырған жоқ. Содан соң Османға серік болдым. Ол да Алла жанын алғанға дейін намазын екі рәкәғаттан асырған жоқ. Ал Алла Тағала: ‘Шүбәсіз, Алла елшісінде сендер үшін теңдессіз үлгі-өнеге бар’ («Ахзаб», 21), – деп айтқан”, – деді». (689/8)