Хадис

Сахих Мүслим, № 449

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
5. Намаз кітабыكِتَابُ الصَّلَاةِ
бап
243. Жел соққанда және бұлт көрінгенде Алладан пана тілеу, сондай-ақ жаңбырға қуану туралыبَابٌ: فِي التَّعَوُّذِ عِنْدَ رُؤْيَةِ الرِّيحِ وَالْغَيْمِ، وَالْفَرَحِ بِالْمَطَرِ
Нөмірі
№ 449 (Мухтасар реті)
449
Мүслим, № 449Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، أَنَّهَا قَالَتْ: «كَانَ النَّبِيُّ ﷺ إِذَا عَصَفَتِ الرِّيحُ، قَالَ: “اللَّهُمَّ إِنِّي أَسْأَلُكَ خَيْرَهَا، وَخَيْرَ مَا فِيهَا، وَخَيْرَ مَا أُرْسِلَتْ بِهِ، وَأَعُوذُ بِكَ مِنْ شَرِّهَا، وَشَرِّ مَا فِيهَا، وَشَرِّ مَا أُرْسِلَتْ بِهِ”». قَالَتْ: «وَإِذَا تَخَيَّلَتِ السَّمَاءُ، تَغَيَّرَ لَوْنُهُ، وَخَرَجَ وَدَخَلَ، وَأَقْبَلَ وَأَدْبَرَ، فَإِذَا مَطَرَتْ سُرِّيَ عَنْهُ، فَعَرَفْتُ ذَلِكَ فِي وَجْهِهِ». قَالَتْ عَائِشَةُ: «فَسَأَلْتُهُ، فَقَالَ: “لَعَلَّهُ، يَا عَائِشَةُ، كَمَا قَالَ قَوْمُ عَادٍ: ﴿فَلَمَّا رَأَوْهُ عَارِضًا مُسْتَقْبِلَ أَوْدِيَتِهِمْ قَالُوا هَذَا عَارِضٌ مُمْطِرُنَا﴾ [الْأَحْقَافِ: 24]”».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай деген: «Қатты жел соққанда Пайғамбар (с.а.с.): “Уа, Алла! Сенен осы желдің игілігін, ондағы игілікті және онымен бірге жіберілген игілікті тілеймін. Осы желдің жамандығынан, ондағы жамандықтан және онымен бірге жіберілген жамандықтан Өзіңе сиынамын”, – дейтін. Аспанды бұлт торлай бастағанда өңі өзгеріп, бірде сыртқа шығып, бірде ішке кіріп, ары-бері жүретін. Ал жаңбыр жауа бастаса, көңілі жайланатын. Мен мұны оның жүзінен аңғаратынмын. Одан мұның себебін сұрағанымда: “Уа, Айша! Бұл Ғад қауымы айтқандай жағдай болып жүрмесін: ‘Ақырында, олар азаптың көкжиекті қаптаған бұлт кейпінде алқаптарына қарай бет алып келе жатқанын көргенде: «Бұл – бізге жауын әкелетін бұлт», – десті’ («Ахқаф», 24)”, – деді». (899/15)