Хадис

Сахих Мүслим, № 1529

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
50. Артықшылықтар кітабыكِتَابُ الْفَضَائِلِ
бап
6. Пайғамбардың (с.а.с.) саусақтарының арасынан судың бұрқап шығуы туралыبَابٌ: نَبْعُ الْمَاءِ مِنْ بَيْنِ أَصَابِعِ النَّبِيِّ ﷺ
Нөмірі
№ 1529 (Мухтасар реті)
1529
Мүслим, № 1529Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ نَبِيَّ اللَّهِ ﷺ وَأَصْحَابَهُ بِالزَّوْرَاءِ (قَالَ: «وَالزَّوْرَاءُ بِالْمَدِينَةِ عِنْدَ السُّوقِ وَالْمَسْجِدِ فِيمَا ثَمَّهْ») دَعَا بِقَدَحٍ فِيهِ مَاءٌ، فَوَضَعَ كَفَّهُ فِيهِ، فَجَعَلَ يَنْبُعُ مِنْ بَيْنِ أَصَابِعِهِ، فَتَوَضَّأَ جَمِيعُ أَصْحَابِهِ. قَالَ: قُلْتُ: «كَمْ كَانُوا، يَا أَبَا حَمْزَةَ؟» قَالَ: «كَانُوا زُهَاءَ الثَّلَاثِمِائَةِ».

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәликтің (р.а.) айтуынша, Алланың Пайғамбары (с.а.с.) сахабаларымен бірге Заурада еді (Заура – Мәдинадағы базар мен мешіт маңындағы жер). Пайғамбар (с.а.с.) ішінде суы бар тостағанды алдырып, алақанын оған салды. Сонда су оның саусақтарының арасынан бұрқап шыға бастады да, барлық сахаба дәрет алды. Риуаятшы: «Мен одан: “Уа, Әбу Хамза! Олар қанша адам еді?” – деп сұрадым. Ол: “Үш жүзге жуық еді”, – деп жауап берді», – деді (2279/6).