Хадис

Сахих Мүслим, № 1543

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
50. Артықшылықтар кітабыكِتَابُ الْفَضَائِلِ
бап
16. Пайғамбардың (с.а.с.) жеміс өнімінің мөлшерін дәл шамалауы туралыبَابٌ: فِي إِصَابَةِ النَّبِيِّ ﷺ فِي الْخَرْصِ
Нөмірі
№ 1543 (Мухтасар реті)
1543
Мүслим, № 1543Риуаят етуші: Әбу Хумәйд (р.а.)

عَنْ أَبِي حُمَيْدٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: خَرَجْنَا مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ غَزْوَةَ تَبُوكَ، فَأَتَيْنَا وَادِيَ الْقُرَى عَلَى حَدِيقَةٍ لِامْرَأَةٍ، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «اُخْرُصُوهَا». فَخَرَصْنَاهَا وَخَرَصَهَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ عَشَرَةَ أَوْسُقٍ، وَقَالَ: «أَحْصِيهَا حَتَّى نَرْجِعَ إِلَيْكِ، إِنْ شَاءَ اللَّهُ». وَانْطَلَقْنَا، حَتَّى قَدِمْنَا تَبُوكَ، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «سَتَهُبُّ عَلَيْكُمُ اللَّيْلَةَ رِيحٌ شَدِيدَةٌ، فَلَا يَقُمْ فِيهَا أَحَدٌ مِنْكُمْ، فَمَنْ كَانَ لَهُ بَعِيرٌ فَلْيَشُدَّ عِقَالَهُ». فَهَبَّتْ رِيحٌ شَدِيدَةٌ، فَقَامَ رَجُلٌ فَحَمَلَتْهُ الرِّيحُ حَتَّى أَلْقَتْهُ بِجَبَلَيْ طَيِّئٍ، وَجَاءَ رَسُولُ ابْنِ الْعَلْمَاءِ (صَاحِبِ أَيْلَةَ) إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ بِكِتَابٍ، وَأَهْدَى لَهُ بَغْلَةً بَيْضَاءَ، فَكَتَبَ إِلَيْهِ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ، وَأَهْدَى لَهُ بُرْدًا، ثُمَّ أَقْبَلْنَا حَتَّى قَدِمْنَا وَادِيَ الْقُرَى، فَسَأَلَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ الْمَرْأَةَ عَنْ حَدِيقَتِهَا: «كَمْ بَلَغَ ثَمَرُهَا؟» فَقَالَتْ: «عَشَرَةَ أَوْسُقٍ». فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِنِّي مُسْرِعٌ، فَمَنْ شَاءَ مِنْكُمْ فَلْيُسْرِعْ مَعِيَ، وَمَنْ شَاءَ فَلْيَمْكُثْ». فَخَرَجْنَا حَتَّى أَشْرَفْنَا عَلَى الْمَدِينَةِ، فَقَالَ: «هَذِهِ طَابَةُ، وَهَذَا أُحُدٌ وَهُوَ جَبَلٌ يُحِبُّنَا وَنُحِبُّهُ». ثُمَّ قَالَ: «إِنَّ خَيْرَ دُورِ الْأَنْصَارِ دَارُ بَنِي النَّجَّارِ، ثُمَّ دَارُ بَنِي عَبْدِ الْأَشْهَلِ، ثُمَّ دَارُ بَنِي عَبْدِ الْحَارِثِ بْنِ الْخَزْرَجِ، ثُمَّ دَارُ بَنِي سَاعِدَةَ، وَفِي كُلِّ دُورِ الْأَنْصَارِ خَيْرٌ». فَلَحِقَنَا سَعْدُ بْنُ عُبَادَةَ، فَقَالَ أَبُو أُسَيْدٍ: «أَلَمْ تَرَ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ خَيَّرَ دُورَ الْأَنْصَارِ، فَجَعَلَنَا آخِرًا؟» فَأَدْرَكَ سَعْدٌ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ، فَقَالَ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، خَيَّرْتَ دُورَ الْأَنْصَارِ، فَجَعَلْتَنَا آخِرًا؟» فَقَالَ: «أَوَلَيْسَ بِحَسْبِكُمْ أَنْ تَكُونُوا مِنَ الْخِيَارِ؟»

Қазақша аудармасы

Әбу Хумәйд (р.а.) былай деді: «Біз Алла Елшісімен (с.а.с.) бірге Тәбук жорығына аттандық. Уәди әл-Қураға келіп, бір әйелдің бағына бардық. Алла Елшісі (с.а.с.): “Осы бақтың өнімін шамалап есептеңдер”, – деді. Біз оның өнімін шамалап есептедік. Алла Елшісі (с.а.с.) бақтың өнімін он уәсқ деп шамалады да, әйелге: “Алла қаласа, біз өзіңе қайта оралғанша, бақтың өнімін өлшеп, есебін шығарып қой”, – деді. Біз әрі қарай жол жүріп, Тәбукке жеттік. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): “Бүгін түнде қатты жел соғады. Сол кезде ешқайсыларың орындарыңнан тұрмасын. Кімнің түйесі болса, оның тұсауын мықтап байласын”, – деді. Қатты жел тұрды. Бір адам орнынан тұрып еді, жел оны көтеріп әкетті де, Тай тайпасының қос тауына апарып тастады. Әйла билеушісі Ибн әл-Алманың елшісі Алла Елшісіне (с.а.с.) хат алып келіп, оған ақ қашыр сыйлады. Алла Елшісі (с.а.с.) Ибн әл-Алмаға жауап хат жазып, оған бір жамылғы сыйлады. Содан кейін біз кері қайтып, Уәди әл-Қураға келдік. Алла Елшісі (с.а.с.) әлгі әйелден бағы туралы: “Өнімі қанша болды?” – деп сұрады. Әйел: “Он уәсқ”, – деп жауап берді. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): “Мен жүрісімді тездетемін. Араларыңнан кім қаласа, менімен бірге жүрісін тездетсін, ал кім қаласа, кідіре тұрсын”, – деді. Біз жолға шығып, Мәдина көрінетін тұсқа жеттік. Сонда ол: “Бұл – Таба, ал мынау – Ухуд. Ол – бізді жақсы көретін тау, біз де оны жақсы көреміз”, – деді. Содан соң: “Ансар руларының ең абзалы – Бәну ән-Нәжжар руы. Одан кейін Бәну Абдуләшһәл руы, одан кейін Бәну Абдулхарис ибн әл-Хазраж руы, одан кейін Бәну Сағида руы. Ансар руларының бәрінде де жақсылық бар”, – деді. Сағд ибн Убада бізді қуып жетті. Әбу Усәйд оған: “Алла Елшісінің (с.а.с.) ансар руларының абзалдарын атап, бізді ең соңына қойғанын байқамадың ба?” – деді. Сонда Сағд Алла Елшісін (с.а.с.) қуып жетіп: “Уа, Алланың Елшісі! Сіз ансар руларының абзалдарын атап, бізді ең соңына қойдыңыз ба?”, – деді. Алла Елшісі (с.а.с.): “Абзалдардың қатарында болудың өзі сендерге жеткілікті емес пе?” – деді» (1392/11).