Хадис

Сахих Мүслим, № 1578

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
50. Артықшылықтар кітабыكِتَابُ الْفَضَائِلِ
бап
37. Алла Елшісінің (с.а.с.) балалар мен отбасы мүшелеріне жұрттың бәрінен мейірімді болғаны туралыبَابٌ: كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ أَرْحَمَ النَّاسِ بِالصِّبْيَانِ وَالْعِيَالِ
Нөмірі
№ 1578 (Мухтасар реті)
1578
Мүслим, № 1578Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «مَا رَأَيْتُ أَحَدًا كَانَ أَرْحَمَ النَّاسِ بِالْعِيَالِ مِنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ». قَالَ: «كَانَ إِبْرَاهِيمُ مُسْتَرْضَعًا لَهُ فِي عَوَالِي الْمَدِينَةِ، فَكَانَ يَنْطَلِقُ وَنَحْنُ مَعَهُ، فَيَدْخُلُ الْبَيْتَ وَإِنَّهُ لَيُدَّخَنُ، وَكَانَ ظِئْرُهُ قَيْنًا، فَيَأْخُذُهُ فَيُقَبِّلُهُ، ثُمَّ يَرْجِعُ».

قَالَ عَمْرٌو: فَلَمَّا تُوُفِّيَ إِبْرَاهِيمُ قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِنَّ إِبْرَاهِيمَ ابْنِي، وَإِنَّهُ مَاتَ فِي الثَّدْيِ، وَإِنَّ لَهُ لَظِئْرَيْنِ تُكَمِّلَانِ رَضَاعَهُ فِي الْجَنَّةِ».

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәлик (р.а.) былай деді: «Мен отбасы мүшелеріне Алла Елшісінен (с.а.с.) артық мейірімді ешкімді көрген емеспін. Ибраһимді Мәдинаның жоғары жағында тұратын бір әйел емізіп жүрген еді. Алла Елшісі (с.а.с.) сол жаққа баратын, біз де онымен бірге жүретінбіз. Ол түтінге толы үйге кіретін. Өйткені баланың сүт анасының күйеуі темірші еді. Пайғамбар (с.а.с.) Ибраһимді қолына алып, сүйетін де, кейін қайтатын». Амр былай деді: «Ибраһим қайтыс болғанда, Алла Елшісі (с.а.с.): “Расында, Ибраһим – менің ұлым. Ол емшектен шықпай жатып қайтыс болды. Оның Жәннатта емізу мерзімін толықтыратын екі сүт анасы бар”, – деді» (2316/63).