عَنِ ابْنِ شِهَابٍ، قَالَ: غَزَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ غَزْوَةَ الْفَتْحِ، فَتْحِ مَكَّةَ، ثُمَّ خَرَجَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ بِمَنْ مَعَهُ مِنَ الْمُسْلِمِينَ، فَاقْتَتَلُوا بِحُنَيْنٍ، فَنَصَرَ اللَّهُ دِينَهُ وَالْمُسْلِمِينَ، وَأَعْطَى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَوْمَئِذٍ صَفْوَانَ بْنَ أُمَيَّةَ مِائَةً مِنَ النَّعَمِ، ثُمَّ مِائَةً، ثُمَّ مِائَةً.
قَالَ ابْنُ شِهَابٍ: حَدَّثَنِي سَعِيدُ بْنُ الْمُسَيِّبِ، أَنَّ صَفْوَانَ قَالَ: «وَاللَّهِ، لَقَدْ أَعْطَانِي رَسُولُ اللَّهِ ﷺ مَا أَعْطَانِي، وَإِنَّهُ لَأَبْغَضُ النَّاسِ إِلَيَّ، فَمَا بَرِحَ يُعْطِينِي حَتَّى إِنَّهُ لَأَحَبُّ النَّاسِ إِلَيَّ».
Ибн Шиһаб былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.) Фатх жорығына, яғни Меккені азат етуге аттанды. Содан кейін қасындағы мұсылмандармен бірге жолға шығып, Хунайнда шайқасты. Алла Өз діні мен мұсылмандарға жеңіс берді. Сол күні Алла Елшісі (с.а.с.) Сафуан ибн Умәйяға жүз түйе, содан кейін тағы жүз, одан соң тағы жүз түйе берді».
Ибн Шиһаб: «Маған Сағид ибн әл-Мусайяб Сафуанның былай дегенін жеткізді: “Алланың атымен ант етемін, Алла Елшісі (с.а.с.) маған осыншама сый берген кезде, мен оны адамдардың бәрінен де жек көретін едім. Ол маған сый бере берді, ақырында адамдардың ішіндегі ең сүйіктіме айналды”», – деді (2313/59).