عَنْ عَمَّارٍ، مَوْلَى بَنِي هَاشِمٍ، قَالَ: «سَأَلْتُ ابْنَ عَبَّاسٍ: “كَمْ أَتَى لِرَسُولِ اللَّهِ ﷺ يَوْمَ مَاتَ؟” فَقَالَ: “مَا كُنْتُ أَحْسِبُ مِثْلَكَ مِنْ قَوْمِهِ يَخْفَى عَلَيْهِ ذَلِكَ”. قَالَ: قُلْتُ: “إِنِّي قَدْ سَأَلْتُ النَّاسَ فَاخْتَلَفُوا عَلَيَّ، فَأَحْبَبْتُ أَنْ أَعْلَمَ قَوْلَكَ فِيهِ”. قَالَ: “أَتَحْسُبُ؟” قَالَ: قُلْتُ: “نَعَمْ”. قَالَ: “أَمْسِكْ أَرْبَعِينَ، بُعِثَ لَهَا، خَمْسَ عَشْرَةَ بِمَكَّةَ يَأْمَنُ وَيَخَافُ، وَعَشْرَ مِنْ مُهَاجَرِهِ إِلَى الْمَدِينَةِ”». وَقَدْ تَقَدَّمَ حَدِيثُ أَنَسٍ أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ تُوُفِّيَ وَهُوَ ابْنُ سِتِّينَ سَنَةً [رَقْمَ ١٥٥٦].
Бәну Һашимнің азат етілген құлы Аммар былай деді: «Мен Ибн Аббастан: “Алла Елшісі (с.а.с.) дүние салған күні неше жаста еді?” – деп сұрадым. Ол: “Өз қауымынан шыққан сен секілді адамның мұны білмеуі мүмкін деп ойламаппын”, – деді. Мен: “Адамдардан сұраған едім, олар әртүрлі жауап берді. Сондықтан бұл жөніндегі сенің сөзіңді білгім келді”, – дедім. Ол: “Есептей аласың ба?” – деп сұрады. Мен: “Иә”, – дедім. Ол: “Қырықты есепке ал: ол сол жаста пайғамбар етіліп жіберілді. Оған Меккеде бірде қауіпсіздікте, бірде қорқынышта өткізген он бес жылды және Мәдинаға һижрет еткеннен кейінгі он жылды қос”, – деді». Бұған дейін Әнәстің Пайғамбардың (с.а.с.) алпыс жасында қайтыс болғаны туралы хадисі келтірілді [1556-хадис] (2353/121).