Хадис

Сахих Мүслим, № 1602

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
50. Артықшылықтар кітабыكِتَابُ الْفَضَائِلِ
бап
54. Пайғамбардың (с.а.с.) дінге қатысты хабарлағандары және олардың дүние істеріне қатысты пікірден айырмашылығы туралыبَابٌ: فِيمَا أَخْبَرَ بِهِ النَّبِيُّ ﷺ مِنْ أَمْرِ الدِّينِ وَالْفَرْقِ بَيْنَهُ وَبَيْنَ الرَّأْيِ لِلدُّنْيَا
Нөмірі
№ 1602 (Мухтасар реті)
1602
Мүслим, № 1602

عَنْ طَلْحَةَ بْنِ عُبَيْدِ اللَّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «مَرَرْتُ مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ بِقَوْمٍ عَلَى رُؤُوسِ النَّخْلِ، فَقَالَ: “مَا يَصْنَعُ هَؤُلَاءِ؟” قَالُوا: “يُلَقِّحُونَهُ، يَجْعَلُونَ الذَّكَرَ فِي الْأُنْثَى، فَيَلْقَحُ”. فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “مَا أَظُنُّ يُغْنِي ذَلِكَ شَيْئًا”. قَالَ: فَأُخْبِرُوا بِذَلِكَ، فَتَرَكُوهُ، فَأُخْبِرَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ بِذَلِكَ، فَقَالَ: “إِنْ كَانَ يَنْفَعُهُمْ ذَلِكَ فَلْيَصْنَعُوهُ، فَإِنِّي إِنَّمَا ظَنَنْتُ ظَنًّا، فَلَا تُؤَاخِذُونِي بِالظَّنِّ، وَلَكِنْ إِذَا حَدَّثْتُكُمْ عَنِ اللَّهِ شَيْئًا، فَخُذُوا بِهِ، فَإِنِّي لَنْ أَكْذِبَ عَلَى اللَّهِ عَزَّ وَجَلَّ”».

Қазақша аудармасы

Талха ибн Убайдулла (р.а.) былай деді: «Алла Елшісімен (с.а.с.) бірге құрма ағаштарына шығып алған бір топ адамның жанынан өттім. Ол (с.а.с.): “Бұлар не істеп жатыр?” – деп сұрады. Адамдар: “Құрманы тозаңдандырып жатыр. Аталық құрманың тозаңын аналығына жеткізеді”, – деді. Алла Елшісі (с.а.с.): “Мұның қандай да бір пайдасы бар деп ойламаймын”, – деді. Оның бұл сөзі әлгі адамдарға жеткізілгенде, олар тозаңдандыруды доғарды. Бұл жайында Алла Елшісіне (с.а.с.) хабар берілгенде, ол: “Егер бұл оларға пайдалы болса, оны істей берсін. Мен тек жорамал жасадым. Жорамалым үшін мені айыптамаңдар. Ал егер сендерге Алладан бір нәрсе жеткізсем, соны ұстаныңдар. Өйткені мен Аса Үстем әрі Ұлы Алланың атынан ешқашан өтірік айтпаймын”, – деді» (2361/139).