Хадис

Сахих Мүслим, № 1622

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
52. Пайғамбардың (с.а.с.) сахабаларының артықшылықтары кітабыكِتَابُ فَضَائِلِ أَصْحَابِ النَّبِيِّ ﷺ
бап
2. Пайғамбардың (с.а.с.) «Маған жолдастығымен де, малымен де ең көп жақсылық жасаған адам – Әбу Бәкір» деген сөзі туралыبَابٌ: قَوْلُهُ ﷺ: «إِنَّ أَمَنَّ عَلَيَّ فِي صُحْبَتِهِ وَمَالِهِ أَبُو بَكْرٍ»
Нөмірі
№ 1622 (Мухтасар реті)
1622
Мүслим, № 1622Риуаят етуші: Әбу Сағид (р.а.)

عَنْ أَبِي سَعِيدٍ الْخُدْرِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ جَلَسَ عَلَى الْمِنْبَرِ، فَقَالَ: «عَبْدٌ خَيَّرَهُ اللَّهُ بَيْنَ أَنْ يُؤْتِيَهُ زَهْرَةَ الدُّنْيَا وَبَيْنَ مَا عِنْدَهُ، فَاخْتَارَ مَا عِنْدَهُ». فَبَكَى أَبُو بَكْرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ وَبَكَى، فَقَالَ: «فَدَيْنَاكَ بِآبَائِنَا وَأُمَّهَاتِنَا». قَالَ: فَكَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ هُوَ الْمُخَيَّرُ، وَكَانَ أَبُو بَكْرٍ أَعْلَمَنَا بِهِ، وَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِنَّ أَمَنَّ النَّاسِ عَلَيَّ فِي مَالِهِ وَصُحْبَتِهِ أَبُو بَكْرٍ، وَلَوْ كُنْتُ مُتَّخِذًا خَلِيلًا لَاتَّخَذْتُ أَبَا بَكْرٍ خَلِيلًا، وَلَكِنْ أُخُوَّةُ الْإِسْلَامِ. لَا تُبْقَيَنَّ فِي الْمَسْجِدِ خَوْخَةٌ إِلَّا خَوْخَةَ أَبِي بَكْرٍ».

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Худри (р.а.) былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.) мінберге отырып: “Алла бір құлына дүниенің сән-салтанаты мен Өз құзырындағы нығметтердің бірін таңдауды ұсынды. Сонда әлгі құл Алланың құзырындағысын таңдады”, – деді. Мұны естіген Әбу Бәкір (р.а.) қайта-қайта жылап: “Әке-шешеміз сізге құрбан болсын!” – деді. Таңдау берілген құл Алла Елшісінің (с.а.с.) өзі еді. Мұны бәрімізден жақсы түсінген Әбу Бәкір болатын. Алла Елшісі (с.а.с.): “Мал-мүлкімен де, жолдастығымен де маған ең көп жақсылық жасаған адам – Әбу Бәкір. Егер біреуді айрықша жақын дос етіп алатын болсам, Әбу Бәкірді таңдар едім. Алайда арамызда Ислам бауырластығы бар. Мешітке ашылатын барлық шағын есік жабылсын, тек Әбу Бәкірдің есігі ғана қалсын”, – деді» (2382/2).