Хадис

Сахих Мүслим, № 1627

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
52. Пайғамбардың (с.а.с.) сахабаларының артықшылықтары кітабыكِتَابُ فَضَائِلِ أَصْحَابِ النَّبِيِّ ﷺ
бап
7. Әс-Сыддықты (р.а.) халифа етіп тағайындау туралыبَابٌ: اِسْتِخْلَافُ الصِّدِّيقِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ
Нөмірі
№ 1627 (Мухтасар реті)
1627
Мүслим, № 1627

عَنْ مُحَمَّدِ بْنِ جُبَيْرِ بْنِ مُطْعِمٍ عَنْ أَبِيهِ أَنَّ امْرَأَةً سَأَلَتْ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ شَيْئًا، فَأَمَرَهَا أَنْ تَرْجِعَ إِلَيْهِ، فَقَالَتْ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَرَأَيْتَ إِنْ جِئْتُ فَلَمْ أَجِدْكَ؟» (قَالَ أَبِي: «كَأَنَّهَا تَعْنِي الْمَوْتَ»). قَالَ: «فَإِنْ لَمْ تَجِدِينِي فَأْتِي أَبَا بَكْرٍ».

Қазақша аудармасы

Мұхаммед ибн Жубәйр ибн Мутғимнің әкесінен жеткізуінше, бір әйел Алла Елшісінен (с.а.с.) бір нәрсе сұрады. Ол әйелге кейін қайта келуін бұйырды. Сонда әйел: «Уа, Расулалла! Қайта келгенімде сізді таба алмасам ше?» – деп сұрады. Мұхаммед: «Әкем: “Ол өлімді меңзеген секілді”, – деді», – деген. Алла Елшісі (с.а.с.): «Егер мені таба алмасаң, Әбу Бәкірге бар», – деді (2386/10).