Хадис

Сахих Мүслим, № 1630

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
52. Пайғамбардың (с.а.с.) сахабаларының артықшылықтары кітабыكِتَابُ فَضَائِلِ أَصْحَابِ النَّبِيِّ ﷺ
бап
8. Омар ибн әл-Хаттабтың (р.а.) артықшылықтары туралыبَابٌ: فَضَائِلُ عُمَرَ بْنِ الْخَطَّابِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ
Нөмірі
№ 1630 (Мухтасар реті)
1630
Мүслим, № 1630Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا عَنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «بَيْنَا أَنَا نَائِمٌ، إِذْ رَأَيْتُ قَدَحًا أُتِيتُ بِهِ، فِيهِ لَبَنٌ، فَشَرِبْتُ مِنْهُ حَتَّى إِنِّي لَأَرَى الرِّيَّ يَجْرِي فِي أَظْفَارِي، ثُمَّ أَعْطَيْتُ فَضْلِي عُمَرَ بْنَ الْخَطَّابِ». قَالُوا: «فَمَا أَوَّلْتَ ذَلِكَ، يَا رَسُولَ اللَّهِ؟» قَالَ: «الْعِلْمَ».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Омардың (р.а.) жеткізуінше, Алла Елшісі (с.а.с.): «Ұйықтап жатқанымда, маған сүт құйылған бір тостаған әкелінгенін көрдім. Одан ішіп, әбден қанғаным сонша, оның әсері тырнақтарыма дейін тарағанын көрдім. Содан кейін қалғанын Омар ибн әл-Хаттабқа бердім», – деді. Адамдар: «Уа, Расулалла! Мұны қалай жорыдыңыз?» – деп сұрады. Ол (с.а.с.): «Ілім деп жорыдым», – деді (2391/16).