Хадис

Сахих Мүслим, № 1669

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
52. Пайғамбардың (с.а.с.) сахабаларының артықшылықтары кітабыكِتَابُ فَضَائِلِ أَصْحَابِ النَّبِيِّ ﷺ
бап
18. Пайғамбардың (с.а.с.) жары, мүміндердің анасы Айшаның (р.а.) артықшылықтары туралыبَابٌ: فِي فَضَائِلِ عَائِشَةَ أُمِّ الْمُؤْمِنِينَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا زَوْجِ النَّبِيِّ ﷺ
Нөмірі
№ 1669 (Мухтасар реті)
1669
Мүслим, № 1669Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، أَنَّهَا قَالَتْ: «جَلَسَ إِحْدَى عَشْرَةَ امْرَأَةً، فَتَعَاهَدْنَ وَتَعَاقَدْنَ أَنْ لَا يَكْتُمْنَ مِنْ أَخْبَارِ أَزْوَاجِهِنَّ شَيْئًا».

قَالَتِ الْأُولَى: «زَوْجِي لَحْمُ جَمَلٍ غَثٍّ، عَلَى رَأْسِ جَبَلٍ وَعْرٍ لَا سَهْلٌ فَيُرْتَقَى، وَلَا سَمِينٌ فَيُنْتَقَلَ».

قَالَتِ الثَّانِيَةُ: «زَوْجِي لَا أَبُثُّ خَبَرَهُ، إِنِّي أَخَافُ أَنْ لَا أَذَرَهُ، إِنْ أَذْكُرْهُ أَذْكُرْ عُجَرَهُ وَبُجَرَهُ».

قَالَتِ الثَّالِثَةُ: «زَوْجِي الْعَشَنَّقُ، إِنْ أَنْطِقْ أُطَلَّقْ، وَإِنْ أَسْكُتْ أُعَلَّقْ».

قَالَتِ الرَّابِعَةُ: «زَوْجِي كَلَيْلِ تِهَامَةَ لَا حَرَّ وَلَا قُرَّ، وَلَا مَخَافَةَ وَلَا سَآمَةَ».

قَالَتِ الْخَامِسَةُ: «زَوْجِي إِنْ دَخَلَ فَهِدَ، وَإِنْ خَرَجَ أَسِدَ، وَلَا يَسْأَلُ عَمَّا عَهِدَ».

قَالَتِ السَّادِسَةُ: «زَوْجِي إِنْ أَكَلَ لَفَّ، وَإِنْ شَرِبَ اِشْتَفَّ، وَإِنِ اِضْطَجَعَ اِلْتَفَّ، وَلَا يُولِجُ الْكَفَّ لِيَعْلَمَ الْبَثَّ».

قَالَتِ السَّابِعَةُ: «زَوْجِي غَيَايَاءُ» (أَوْ: «عَيَايَاءُ») «طَبَاقَاءُ، كُلُّ دَاءٍ لَهُ دَاءٌ، شَجَّكِ أَوْ فَلَّكِ أَوْ جَمَعَ كُلًّا لَكِ».

قَالَتِ الثَّامِنَةُ: «زَوْجِي الرِّيحُ رِيحُ زَرْنَبٍ، وَالْمَسُّ مَسُّ أَرْنَبٍ».

قَالَتِ التَّاسِعَةُ: «زَوْجِي رَفِيعُ الْعِمَادِ طَوِيلُ النِّجَادِ عَظِيمُ الرَّمَادِ، قَرِيبُ الْبَيْتِ مِنَ النَّادِ».

قَالَتِ الْعَاشِرَةُ: «زَوْجِي مَالِكٌ، وَمَا مَالِكٌ؟ مَالِكٌ خَيْرٌ مِنْ ذَلِكَ، لَهُ إِبِلٌ كَثِيرَاتُ الْمَبَارِكِ، قَلِيلَاتُ الْمَسَارِحِ، إِذَا سَمِعْنَ صَوْتَ الْمِزْهَرِ أَيْقَنَّ أَنَّهُنَّ هَوَالِكُ».

قَالَتِ الْحَادِيَةَ عَشْرَةَ: «زَوْجِي أَبُو زَرْعٍ، فَمَا أَبُو زَرْعٍ؟ أَنَاسَ مِنْ حُلِيٍّ أُذُنَيَّ، وَمَلَأَ مِنْ شَحْمٍ عَضُدَيَّ، وَبَجَّحَنِي فَبَجِحَتْ إِلَيَّ نَفْسِي، وَجَدَنِي فِي أَهْلِ غُنَيْمَةٍ بِشِقٍّ، فَجَعَلَنِي فِي أَهْلِ صَهِيلٍ وَأَطِيطٍ وَدَائِسٍ وَمُنَقٍّ، فَعِنْدَهُ أَقُولُ فَلَا أُقَبَّحُ، وَأَرْقُدُ فَأَتَصَبَّحُ، وَأَشْرَبُ فَأَتَقَنَّحُ. أُمُّ أَبِي زَرْعٍ، فَمَا أُمُّ أَبِي زَرْعٍ؟ عُكُومُهَا رَدَاحٌ وَبَيْتُهَا فَسَاحٌ. ابْنُ أَبِي زَرْعٍ، فَمَا ابْنُ أَبِي زَرْعٍ؟ مَضْجَعُهُ كَمَسَلِّ شَطْبَةٍ وَيُشْبِعُهُ ذِرَاعُ الْجَفْرَةِ. بِنْتُ أَبِي زَرْعٍ، فَمَا بِنْتُ أَبِي زَرْعٍ؟ طَوْعُ أَبِيهَا وَطَوْعُ أُمِّهَا، وَمِلْءُ كِسَائِهَا وَغَيْظُ جَارَتِهَا. جَارِيَةُ أَبِي زَرْعٍ، فَمَا جَارِيَةُ أَبِي زَرْعٍ؟ لَا تَبُثُّ حَدِيثَنَا تَبْثِيثًا، وَلَا تُنَقِّثُ مِيرَتَنَا تَنْقِيثًا، وَلَا تَمْلَأُ بَيْتَنَا تَعْشِيشًا». قَالَتْ: «خَرَجَ أَبُو زَرْعٍ وَالْأَوْطَابُ تُمْخَضُ، فَلَقِيَ امْرَأَةً مَعَهَا وَلَدَانِ لَهَا كَالْفَهْدَيْنِ، يَلْعَبَانِ مِنْ تَحْتِ خَصْرِهَا بِرُمَّانَتَيْنِ فَطَلَّقَنِي وَنَكَحَهَا، فَنَكَحْتُ بَعْدَهُ رَجُلًا سَرِيًّا، رَكِبَ شَرِيًّا، وَأَخَذَ خَطِّيًّا، وَأَرَاحَ عَلَيَّ نَعَمًا ثَرِيًّا، وَأَعْطَانِي مِنْ كُلِّ رَائِحَةٍ زَوْجًا، قَالَ: “كُلِي أُمَّ زَرْعٍ، وَمِيرِي أَهْلَكِ”. فَلَوْ جَمَعْتُ كُلَّ شَيْءٍ أَعْطَانِيهِ مَا بَلَغَ أَصْغَرَ آنِيَةِ أَبِي زَرْعٍ».

قَالَتْ عَائِشَةُ: قَالَ لِي رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «كُنْتُ لَكِ كَأَبِي زَرْعٍ لِأُمِّ زَرْعٍ».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай әңгімеледі: «Он бір әйел бас қосып, күйеулері жайында ештеңені жасырмай айтуға бір-біріне уәде беріп, өзара серт байласты».

Бірінші әйел: «Күйеуім – асуы қиын таудың басындағы арық түйенің еті секілді: тауға көтерілу оңай емес, ал ет семіз емес – алып түсуге де тұрмайды», – деді.

Екінші әйел: «Күйеуімнің жайын жайып салмаймын. Өйткені айта бастасам, айтып тауыса алмаймын ба деп қорқамын. Оны сөз етсем, сыртқы да, ішкі де бүкіл мінін тізіп шығамын», – деді.

Үшінші әйел: «Күйеуім – ұзынтұра адам. Сөйлесем – талақ етеді, үндемесем – әйелдік хақымды да бермей, басымды да босатпай қояды», – деді.

Төртінші әйел: «Күйеуім – Тиһама түніндей: ыстығы да, суығы да жоқ, қорқынышы да, жалықтырар жайы да жоқ», – деді.

Бесінші әйел: «Күйеуім үйге кірсе, қабыландай маужырайды; сыртқа шықса, арыстандай айбат шегеді. Үйде қалдырған дүниесі жайында сұрамайды», – деді.

Алтыншы әйел: «Күйеуім тамақ жесе, алдына келгеннің бәрін жалмайды; сусын ішсе, сарқып ішеді; жатса, жамылғысына оранып алады; менің мұң-дертімді білу үшін қолын да тигізбейді», – деді.

Жетінші әйел: «Күйеуім – оң-солын білмейтін не дәрменсіз біреу, өзі нағыз топас. Бойында жоқ дерт жоқ: басыңды жарады, бір жеріңді сындырады немесе екеуін де қатар істейді», – деді.

Сегізінші әйел: «Күйеуім зарнаб өсімдігіндей хош иісті, сипасаң, қоянның жүніндей жұмсақ», – деді.

Тоғызыншы әйел: «Күйеуімнің отауының тіреуі биік, қылышының бауы ұзын, ошағының күлі мол, үйі ел жиналатын орынға жақын», – деді.

Оныншы әйел: «Күйеуім – Мәлик. Мәлик деген қандай десеңші! Мәлик – айтылғандардың бәрінен де артық. Оның түйесі көп, олар көбіне үй маңында шөгіп жатады да, өріске сирек шығады. Олар ішекті мизһар аспабының үнін естісе, сойылатындарын анық біледі», – деді.

Он бірінші әйел: «Күйеуім – Әбу Зарғ. Әбу Зарғ деген қандай десеңші! Ол құлағыма салбыраған әшекей тақты, екі қарыма май бітірді. Мені қадірлеп, өзіме өзім риза болатын күйге жеткізді. Ол мені тұрмысы жүдеу, азын-аулақ қойы бар отбасының арасынан тауып, жылқысы кісінеген, түйесінің қомы сықырлаған, астығы бастырылып, дәні тазаланған дәулетті әулетке әкелді. Оның жанында сөйлесем, айтқан сөзім үшін сөгіс естімеймін; ұйықтасам, таң атса да алаңсыз жата беремін; ішсем, шөлім әбден қанғанша ішемін. Әбу Зарғтың анасы! Әбу Зарғтың анасы қандай десеңші! Тең-тең дүниесі мол, үйі кең. Әбу Зарғтың ұлы! Әбу Зарғтың ұлы қандай десеңші! Жататын орны қабығы аршылған құрма бұтағындай жіңішке, бір лақтың алдыңғы сирағы-ақ оны тойдырады. Әбу Зарғтың қызы! Әбу Зарғтың қызы қандай десеңші! Әкесіне де, анасына да бойсұнады; киімі толысқан денесін орайды, көрші әйелінің ішін күйдіреді. Әбу Зарғтың қызметші қызы! Әбу Зарғтың қызметші қызы қандай десеңші! Біздің сөзімізді жұртқа жаймайды, азығымызды шашып-төкпейді, үйімізді қоқысқа толтырмайды. Бір күні Әбу Зарғ торсықтардағы сүт пісіліп жатқанда сыртқа шықты. Ол қабыландай екі ұлы бар бір әйелді кездестірді. Балалары оның белінің төменгі тұсында анардай қос омырауымен ойнап отыр екен. Сөйтіп, мені талақ етіп, сол әйелге үйленді. Одан кейін мен текті бір ерге тұрмысқа шықтым. Ол жүйрік сәйгүлік мініп, Хаттта жасалған найзасын қолына алатын. Ол алдыма қисапсыз мал айдап әкеліп, өрістен қайтатын малдың әр түрінен бір-бір жұп берді. Маған: “Же, уа, Үммі Зарғ! Туыстарыңа да азық апар”, – деді. Оның маған бергенінің бәрін жинасам да, Әбу Зарғтың ең кішкентай ыдысына да жетпес еді», – деді.

Айша (р.а.): «Алла Елшісі (с.а.с.) маған: “Әбу Зарғ Үммі Зарғқа қандай болса, мен де саған сондаймын”, – деді», – деген (2448/92).