Хадис

Сахих Мүслим, № 1675

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
52. Пайғамбардың (с.а.с.) сахабаларының артықшылықтары кітабыكِتَابُ فَضَائِلِ أَصْحَابِ النَّبِيِّ ﷺ
бап
20. Пайғамбардың (с.а.с.) жары, мүміндердің анасы Зәйнабтың (р.а.) артықшылықтары туралыبَابٌ: فِي فَضَائِلِ زَيْنَبَ زَوْجِ النَّبِيِّ ﷺ أُمِّ الْمُؤْمِنِينَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا
Нөмірі
№ 1675 (Мухтасар реті)
1675
Мүслим, № 1675Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ أُمِّ الْمُؤْمِنِينَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، قَالَتْ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «أَسْرَعُكُنَّ لَحَاقًا بِي أَطْوَلُكُنَّ يَدًا». قَالَتْ: فَكُنَّ يَتَطَاوَلْنَ أَيَّتُهُنَّ أَطْوَلُ يَدًا. قَالَتْ: «فَكَانَتْ أَطْوَلَنَا يَدًا زَيْنَبُ، لِأَنَّهَا كَانَتْ تَعْمَلُ بِيَدِهَا وَتَصَدَّقُ».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.): “Араларыңнан маған ең тез қосылатының – қолы ең ұзының”, – деді. Содан кейін олар қайсысының қолы ұзынырақ екенін анықтау үшін қолдарын өзара салыстыра бастады». Айша (р.а.): «Арамызда қолы ең ұзыны Зәйнаб еді. Өйткені ол өз қолымен еңбек етіп, садақа беретін», – деді (2452/101).