Хадис

Сахих Мүслим, № 1679

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
52. Пайғамбардың (с.а.с.) сахабаларының артықшылықтары кітабыكِتَابُ فَضَائِلِ أَصْحَابِ النَّبِيِّ ﷺ
бап
23. Пайғамбардың (с.а.с.) азат еткен күңі, Усама ибн Зәйдтің анасы Үммі Әймәннің артықшылықтары туралыبَابٌ: فِي فَضَائِلِ أُمِّ أَيْمَنَ مَوْلَاةِ النَّبِيِّ ﷺ أُمِّ أُسَامَةَ بْنِ زَيْدٍ
Нөмірі
№ 1679 (Мухтасар реті)
1679
Мүслим, № 1679Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسٍ قَالَ: قَالَ أَبُو بَكْرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا بَعْدَ وَفَاةِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ لِعُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: «اِنْطَلِقْ بِنَا إِلَى أُمِّ أَيْمَنَ نَزُورُهَا، كَمَا كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَزُورُهَا»، فَلَمَّا اِنْتَهَيَا إِلَيْهَا بَكَتْ، فَقَالَا لَهَا: «مَا يُبْكِيكِ؟ مَا عِنْدَ اللَّهِ خَيْرٌ لِرَسُولِهِ ﷺ». فَقَالَتْ: «مَا أَبْكِي أَنْ لَا أَكُونَ أَعْلَمُ أَنَّ مَا عِنْدَ اللَّهِ خَيْرٌ لِرَسُولِهِ ﷺ، وَلَكِنْ أَبْكِي أَنَّ الْوَحْيَ قَدِ اِنْقَطَعَ مِنَ السَّمَاءِ»، فَهَيَّجَتْهُمَا عَلَى الْبُكَاءِ. فَجَعَلَا يَبْكِيَانِ مَعَهَا.

Қазақша аудармасы

Әнәс былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.) қайтыс болғаннан кейін Әбу Бәкір (р.а.) Омарға (р.а.): “Алла Елшісі (с.а.с.) Үммі Әймәнді зиярат етіп тұрғанындай, жүр, біз де барып, оны зиярат етейік”, – деді. Екеуі оған барған кезде, Үммі Әймән жылады. Олар: “Сені не жылатты? Алланың құзырындағы игілік Алла Елшісі (с.а.с.) үшін қайырлырақ қой” – деді. Сонда ол: “Алланың құзырындағы игілік Алла Елшісі (с.а.с.) үшін қайырлырақ екенін білмегендіктен жылап отырған жоқпын. Алайда көктен келетін уахидың тоқтағанына жылап отырмын”, – деді. Оның бұл сөзі екеуінің де көңілін босатты. Сөйтіп, олар да онымен бірге жылады» (2454/103).