Хадис

Сахих Мүслим, № 1694

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
52. Пайғамбардың (с.а.с.) сахабаларының артықшылықтары кітабыكِتَابُ فَضَائِلِ أَصْحَابِ النَّبِيِّ ﷺ
бап
34. Абдулла ибн Масғудтың (р.а.) артықшылығы туралыبَابٌ: فِي فَضْلِ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ مَسْعُودٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ
Нөмірі
№ 1694 (Мухтасар реті)
1694
Мүслим, № 1694

عَنْ أَبِي الْأَحْوَصِ قَالَ: كُنَّا فِي دَارِ أَبِي مُوسَى مَعَ نَفَرٍ مِنْ أَصْحَابِ عَبْدِ اللَّهِ، وَهُمْ يَنْظُرُونَ فِي مُصْحَفٍ، فَقَامَ عَبْدُ اللَّهِ، فَقَالَ أَبُو مَسْعُودٍ: «مَا أَعْلَمُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ تَرَكَ بَعْدَهُ أَعْلَمَ بِمَا أَنْزَلَ اللَّهُ مِنْ هَذَا الْقَائِمِ». فَقَالَ أَبُو مُوسَى: «أَمَا لَئِنْ قُلْتَ ذَاكَ، لَقَدْ كَانَ يَشْهَدُ إِذَا غِبْنَا، وَيُؤْذَنُ لَهُ إِذَا حُجِبْنَا».

Қазақша аудармасы

Әбу әл-Ахуас былай деді: «Біз Абдулланың бірнеше серігімен бірге Әбу Мұсаның үйінде едік. Олар Құран мұсхафын қарап отырған. Абдулла орнынан тұрған кезде, Әбу Масғуд: “Алла Елшісінің (с.а.с.) өзінен кейін Алла түсірген Кітапты жаңа ғана орнынан тұрған мына кісіден артық білетін біреуді қалдырғанын білмеймін”, – деді. Сонда Әбу Мұса: “Олай деуің орынды. Расында, біз болмаған кезде ол қатысатын, ал бізге кіруге рұқсат берілмеген кезде оған рұқсат берілетін”, – деді» (2461/113).