Хадис

Сахих Мүслим, № 1705

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
52. Пайғамбардың (с.а.с.) сахабаларының артықшылықтары кітабыكِتَابُ فَضَائِلِ أَصْحَابِ النَّبِيِّ ﷺ
бап
40. Әбу Зәрр әл-Ғифаридің (р.а.) артықшылығы туралыبَابٌ: فِي فَضْلِ أَبِي ذَرٍّ الْغِفَارِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ
Нөмірі
№ 1705 (Мухтасар реті)
1705
Мүслим, № 1705Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: لَمَّا بَلَغَ أَبَا ذَرٍّ مَبْعَثُ النَّبِيِّ ﷺ بِمَكَّةَ قَالَ لِأَخِيهِ أُنَيْسٍ: «اِرْكَبْ إِلَى هَذَا الْوَادِي، فَاعْلَمْ لِي عِلْمَ هَذَا الرَّجُلِ الَّذِي يَزْعُمُ أَنَّهُ يَأْتِيهِ الْخَبَرُ مِنَ السَّمَاءِ، فَاسْمَعْ مِنْ قَوْلِهِ ثُمَّ اِئْتِنِي»، فَانْطَلَقَ الْآخَرُ حَتَّى قَدِمَ مَكَّةَ، وَسَمِعَ مِنْ قَوْلِهِ، ثُمَّ رَجَعَ إِلَى أَبِي ذَرٍّ فَقَالَ: «رَأَيْتُهُ يَأْمُرُ بِمَكَارِمِ الْأَخْلَاقِ وَيَقُولُ كَلَامًا مَا هُوَ بِالشِّعْرِ». فَقَالَ: «مَا شَفَيْتَنِي فِيمَا أَرَدْتُ»، فَتَزَوَّدَ وَحَمَلَ شَنَّةً لَهُ، فِيهَا مَاءٌ وَسَارَ حَتَّى قَدِمَ مَكَّةَ، فَأَتَى الْمَسْجِدَ فَالْتَمَسَ النَّبِيَّ ﷺ وَلَا يَعْرِفُهُ، وَكَرِهَ أَنْ يَسْأَلَ عَنْهُ، حَتَّى أَدْرَكَهُ (يَعْنِي اللَّيْلَ) فَاضْطَجَعَ، فَرَآهُ عَلِيٌّ فَعَرَفَ أَنَّهُ غَرِيبٌ، فَلَمَّا رَآهُ تَبِعَهُ، فَلَمْ يَسْأَلْ وَاحِدٌ مِنْهُمَا صَاحِبَهُ عَنْ شَيْءٍ، حَتَّى أَصْبَحَ، ثُمَّ احْتَمَلَ قِرْبَتَهُ وَزَادَهُ إِلَى الْمَسْجِدِ، فَظَلَّ ذَلِكَ الْيَوْمَ، وَلَا يَرَى النَّبِيَّ ﷺ، حَتَّى أَمْسَى، فَعَادَ إِلَى مَضْجَعِهِ، فَمَرَّ بِهِ عَلِيٌّ، فَقَالَ: «مَا آنَ لِلرَّجُلِ أَنْ يَعْلَمَ مَنْزِلَهُ؟» فَأَقَامَهُ، فَذَهَبَ بِهِ مَعَهُ، وَلَا يَسْأَلُ وَاحِدٌ مِنْهُمَا صَاحِبَهُ عَنْ شَيْءٍ، حَتَّى إِذَا كَانَ يَوْمُ الثَّالِثَةِ فَعَلَ مِثْلَ ذَلِكَ، فَأَقَامَهُ عَلِيٌّ مَعَهُ، ثُمَّ قَالَ لَهُ: «أَلَا تُحَدِّثُنِي؟ مَا الَّذِي أَقْدَمَكَ هَذَا الْبَلَدَ؟» قَالَ: «إِنْ أَعْطَيْتَنِي عَهْدًا وَمِيثَاقًا لَتُرْشِدَنِّي، فَعَلْتُ»، فَفَعَلَ. فَأَخْبَرَهُ فَقَالَ: «فَإِنَّهُ حَقٌّ وَهُوَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ، فَإِذَا أَصْبَحْتَ فَاتَّبِعْنِي، فَإِنِّي إِنْ رَأَيْتُ شَيْئًا أَخَافُ عَلَيْكَ مِنْهُ، قُمْتُ كَأَنِّي أُرِيقُ الْمَاءَ، فَإِنْ مَضَيْتُ فَاتَّبِعْنِي حَتَّى تَدْخُلَ مَدْخَلِي»، فَفَعَلَ، فَانْطَلَقَ يَقْفُوهُ، حَتَّى دَخَلَ عَلَى النَّبِيِّ ﷺ وَدَخَلَ مَعَهُ، فَسَمِعَ مِنْ قَوْلِهِ، وَأَسْلَمَ مَكَانَهُ، فَقَالَ لَهُ النَّبِيُّ ﷺ: «اِرْجِعْ إِلَى قَوْمِكَ فَأَخْبِرْهُمْ حَتَّى يَأْتِيَكَ أَمْرِي». فَقَالَ: «وَالَّذِي نَفْسِي بِيَدِهِ لَأَصْرُخَنَّ بِهَا بَيْنَ ظَهْرَانَيْهِمْ»، فَخَرَجَ حَتَّى أَتَى الْمَسْجِدَ، فَنَادَى بِأَعْلَى صَوْتِهِ: «أَشْهَدُ أَنْ لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ، وَأَشْهَدُ أَنَّ مُحَمَّدًا رَسُولُ اللَّهِ»، وَثَارَ الْقَوْمُ فَضَرَبُوهُ حَتَّى أَضْجَعُوهُ عَلَى الْأَرْضِ، وَأَتَى الْعَبَّاسُ بْنُ عَبْدِ الْمُطَّلِبِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ فَأَكَبَّ عَلَيْهِ، وَقَالَ: «وَيْلَكُمْ أَلَسْتُمْ تَعْلَمُونَ أَنَّهُ مِنْ غِفَارٍ، وَأَنَّ طَرِيقَ تُجَّارِكُمْ إِلَى الشَّامِ عَلَيْهِمْ»، فَأَنْقَذَهُ مِنْهُمْ، ثُمَّ عَادَ مِنَ الْغَدِ مِثْلَهَا، وَثَارُوا إِلَيْهِ فَضَرَبُوهُ، فَأَكَبَّ عَلَيْهِ الْعَبَّاسُ فَأَنْقَذَهُ.

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) былай деді: «Пайғамбардың (с.а.с.) Меккеде пайғамбар болып жіберілгені туралы хабар Әбу Зәррге жеткенде, ол бауыры Унәйске: “Осы алқапқа барып, өзіне көктен хабар келетінін айтып жүрген әлгі адам туралы анық мәлімет жинап кел. Оның сөзін тыңда да, кейін маған қайтып кел”, – деді. Бауыры жолға шығып, Меккеге келді. Оның сөздерін тыңдап, Әбу Зәррге қайтып оралды да: “Оның көркем мінез-құлыққа үндейтінін көрдім. Ал айтқан сөздері өлең емес”, – деді. Әбу Зәрр: “Мен білгім келген нәрсе жөнінде көңілімді толық қанағаттандырмадың”, – деді. Содан кейін жол азығын әзірлеп, су құйылған ескі торсығын алып, жолға шығып, Меккеге келді. Мешітке барып, Пайғамбарды (с.а.с.) іздеді. Бірақ оны танымайтын әрі ол туралы біреуден сұрауды да қаламады. Түн түскенде сол жерде жатып қалды. Әли оны көріп, жатжерлік екенін аңғарды. Әбу Зәрр Әлиді көрген соң, оның артынан ерді. Екеуінің ешқайсысы бір-бірінен ештеңе сұрамады. Таң атқан соң, Әбу Зәрр торсығын және жол азығын алып, мешітке барды. Сол күнді сонда өткізді, бірақ Пайғамбарды (с.а.с.) көрмеді. Кеш батқанда бұрынғы жатқан орнына қайтып келді. Әли оның жанынан өтіп бара жатып: “Бұл кісінің қонатын жерін білетін уақыты әлі келмеді ме?” – деді де, оны орнынан тұрғызып, өзімен бірге алып кетті. Екеуінің ешқайсысы бір-бірінен ештеңе сұрамады. Үшінші күні де дәл осылай болды. Әли оны тағы да өзімен бірге алып кетті де: “Сені бұл қалаға не алып келгенін маған айтпайсың ба?” – деп сұрады. Әбу Зәрр: “Маған дұрыс жолды көрсететініңе уәде беріп, серт етсең, айтамын”, – деді. Әли уәде берді. Сонда Әбу Зәрр оған мән-жайды түгел айтып берді. Әли: “Расында, бұл – хақ. Ол – Алланың Елшісі (с.а.с.). Таң атқанда менің соңымнан ер. Егер саған қауіп төндіретін бір нәрсе көрсем, дәрет сындырып тұрған адамдай бөгеле қаламын. Ал егер жүре берсем, менің соңымнан еріп, мен кірген жерге кір”, – деді. Әбу Зәрр солай істеп, Әлидің соңынан жүрді. Әли Пайғамбардың (с.а.с.) алдына кіргенде, ол да бірге кірді. Пайғамбардың (с.а.с.) сөздерін тыңдап, сол жерде Исламды қабылдады. Пайғамбар (с.а.с.) оған: “Еліңе қайтып бар да, оларға хабар бер. Менің бұйрығым жеткенше сонда бол”, – деді. Әбу Зәрр: “Жаным қолында болған Алланың атымен ант етемін, мен мұны олардың қақ ортасында бар даусыммен жариялаймын!” – деді. Сөйтіп, мешітке барып, бар даусымен: “Алладан басқа құлшылыққа лайықты ешбір тәңір жоқ екеніне куәлік етемін. Сондай-ақ Мұхаммедтің Алла Елшісі екеніне куәлік етемін!” – деп жар салды. Жұрт оған лап қойып, жерге сұлатып түсіргенше ұрып-соқты. Сол кезде Аббас ибн Абдулмутталиб (р.а.) келіп, оның үстіне жата қалып, денесімен қалқалады да: “Құрып кеткірлер! Оның Ғифар руынан екенін білмейсіңдер ме? Шамға баратын сауда жолдарың солардың жері арқылы өтеді ғой!” – деді. Сөйтіп, оны олардың қолынан құтқарды. Әбу Зәрр ертеңіне де дәл сол сөзді қайталады. Жұрт тағы да оған лап қойып, ұра бастады. Аббас қайтадан оның үстіне құлап, оны құтқарып қалды» (2474/133).