Хадис

Сахих Мүслим, № 1725

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
52. Пайғамбардың (с.а.с.) сахабаларының артықшылықтары кітабыكِتَابُ فَضَائِلِ أَصْحَابِ النَّبِيِّ ﷺ
бап
53. Ансарлардың (Алла оларға разы болсын) артықшылықтары туралыبَابٌ: فِي فَضَائِلِ الْأَنْصَارِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمْ
Нөмірі
№ 1725 (Мухтасар реті)
1725
Мүслим, № 1725Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ رَأَى صِبْيَانًا وَنِسَاءً مُقْبِلِينَ مِنْ عُرْسٍ، فَقَامَ نَبِيُّ اللَّهِ ﷺ مُمْثِلًا، فَقَالَ: «اللَّهُمَّ أَنْتُمْ مِنْ أَحَبِّ النَّاسِ إِلَيَّ، اللَّهُمَّ أَنْتُمْ مِنْ أَحَبِّ النَّاسِ إِلَيَّ». يَعْنِي الْأَنْصَارَ.

Қазақша аудармасы

Әнәстің (р.а.) жеткізуінше, Пайғамбар (с.а.с.) үйлену тойынан қайтып келе жатқан әйелдер мен балаларды көргенде, бойын тіктеп тұра қалып: «Алла куә! Сендер – мен ең жақсы көретін жандардың қатарындасыңдар! Алла куә! Сендер – мен ең жақсы көретін жандардың қатарындасыңдар!» – деді. Ол ансарларды меңзеген еді (2508/174).