Хадис

Сахих Мүслим, № 1860

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
56. Ілім кітабыكِتَابُ الْعِلْمِ
бап
5. Тура жолға немесе адасушылыққа шақырған адам туралыبَابٌ: مَنْ دَعَا إِلَى هُدًى أَوْ ضَلَالَةٍ
Нөмірі
№ 1860 (Мухтасар реті)
1860
Мүслим, № 1860Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «مَنْ دَعَا إِلَى هُدًى، كَانَ لَهُ مِنَ الْأَجْرِ مِثْلُ أُجُورِ مَنْ تَبِعَهُ، لَا يَنْقُصُ ذَلِكَ مِنْ أُجُورِهِمْ شَيْئًا، وَمَنْ دَعَا إِلَى ضَلَالَةٍ، كَانَ عَلَيْهِ مِنَ الْإِثْمِ مِثْلُ آثَامِ مَنْ تَبِعَهُ، لَا يَنْقُصُ ذَلِكَ مِنْ آثَامِهِمْ شَيْئًا».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.) былай дегенін жеткізді: «Кім тура жолға шақырса, оған ергендердің сауаптарындай сауап беріледі әрі бұл олардың сауаптарынан ештеңе кемітпейді. Ал кім адасушылыққа шақырса, өзіне ергендердің күнәларындай күнә арқалайды әрі бұл олардың күнәларынан ештеңе кемітпейді» (2674/16).