عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «مُرَّ بِجَنَازَةٍ فَأُثْنِيَ عَلَيْهَا خَيْرًا، فَقَالَ نَبِيُّ اللَّهِ ﷺ: “وَجَبَتْ، وَجَبَتْ، وَجَبَتْ”، وَمُرَّ بِجَنَازَةٍ فَأُثْنِيَ عَلَيْهَا شَرًّا، فَقَالَ نَبِيُّ اللَّهِ ﷺ: “وَجَبَتْ، وَجَبَتْ، وَجَبَتْ”. قَالَ عُمَرُ: “فِدًى لَكَ أَبِي وَأُمِّي، مُرَّ بِجَنَازَةٍ، فَأُثْنِيَ عَلَيْهَا خَيْرًا، فَقُلْتَ: ‘وَجَبَتْ، وَجَبَتْ، وَجَبَتْ’، وَمُرَّ بِجَنَازَةٍ، فَأُثْنِيَ عَلَيْهَا شَرًّا، فَقُلْتَ: ‘وَجَبَتْ، وَجَبَتْ، وَجَبَتْ’؟” فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “مَنْ أَثْنَيْتُمْ عَلَيْهِ خَيْرًا وَجَبَتْ لَهُ الْجَنَّةُ، وَمَنْ أَثْنَيْتُمْ عَلَيْهِ شَرًّا وَجَبَتْ لَهُ النَّارُ. أَنْتُمْ شُهَدَاءُ اللَّهِ فِي الْأَرْضِ، أَنْتُمْ شُهَدَاءُ اللَّهِ فِي الْأَرْضِ، أَنْتُمْ شُهَدَاءُ اللَّهِ فِي الْأَرْضِ”».
Әнәс ибн Мәлик (р.а.) былай деді: «Бір жаназа алып өтілгенде, марқұмды жұрт жақсылықпен еске алды. Сонда Алланың Пайғамбары (с.а.с.): “Тиесілі болды! Тиесілі болды! Тиесілі болды!” – деді. Кейін тағы бір жаназа алып өтіліп, марқұмды жұрт жамандықпен еске алды. Сонда Алланың Пайғамбары (с.а.с.): “Тиесілі болды! Тиесілі болды! Тиесілі болды!” – деді. Омар (р.а.): “Әкем де, анам да сізге пида болсын! Бір жаназа алып өтіліп, марқұмды жұрт жақсылықпен еске алғанда: ‘Тиесілі болды! Тиесілі болды! Тиесілі болды!’ – дедіңіз. Кейін басқа бір жаназа алып өтіліп, марқұмды жұрт жамандықпен еске алғанда да: ‘Тиесілі болды! Тиесілі болды! Тиесілі болды!’ – дедіңіз. Мұның мәні неде?” – деп сұрады. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): “Сендер жақсылықпен еске алған адамға Жәннат тиесілі болды. Ал жамандықпен еске алған адамға Тозақ тиесілі болды. Сендер – Алланың жер бетіндегі куәгерлерісіңдер! Сендер – Алланың жер бетіндегі куәгерлерісіңдер! Сендер – Алланың жер бетіндегі куәгерлерісіңдер!” – деді». (949/60)