Хадис

Сахих Мүслим, № 495

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
6. Жаназа кітабыكِتَابُ الْجَنَائِزِ
бап
45. Қабірлерді зиярат ету және марқұмдар үшін кешірім тілеу туралыبَابٌ: فِي زِيَارَةِ الْقُبُورِ وَالِاسْتِغْفَارِ لَهُمْ
Нөмірі
№ 495 (Мухтасар реті)
495
Мүслим, № 495Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «زَارَ النَّبِيُّ ﷺ قَبْرَ أُمِّهِ، فَبَكَى وَأَبْكَى مَنْ حَوْلَهُ، فَقَالَ: “اِسْتَأْذَنْتُ رَبِّي فِي أَنْ أَسْتَغْفِرَ لَهَا فَلَمْ يُؤْذَنْ لِي، وَاسْتَأْذَنْتُهُ فِي أَنْ أَزُورَ قَبْرَهَا فَأُذِنَ لِي؛ فَزُورُوا الْقُبُورَ فَإِنَّهَا تُذَكِّرُ الْمَوْتَ”».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деген: «Пайғамбар (с.а.с.) анасының қабірін зиярат етіп, өзі жылады әрі айналасындағыларды да жылатты. Содан кейін: “Анам үшін кешірім тілеуге Раббымнан рұқсат сұрадым, алайда маған рұқсат берілмеді. Оның қабірін зиярат етуге рұқсат сұрадым, сонда маған рұқсат берілді. Ендеше, қабірлерді зиярат етіңдер. Өйткені олар өлімді еске салады”, – деді». (976/108)