Хадис

Сахих Мүслим, № 1919

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
60. Тәубе, оның қабыл болуы, Алланың рақымының кеңдігі және басқа мәселелер кітабыكِتَابُ التَّوْبَةِ وَقَبُولِهَا وَسَعَةِ رَحْمَةِ اللَّهِ وَغَيْرِ ذَلِكَ
бап
4. Жүз адам өлтірген кісінің тәубесінің қабыл болуы туралыبَابٌ: قَبُولُ التَّوْبَةِ مِمَّنْ قَتَلَ مِائَةَ نَفْسٍ
Нөмірі
№ 1919 (Мухтасар реті)
1919
Мүслим, № 1919Риуаят етуші: Әбу Сағид (р.а.)

عَنْ أَبِي سَعِيدٍ الْخُدْرِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «كَانَ فِيمَنْ كَانَ قَبْلَكُمْ رَجُلٌ قَتَلَ تِسْعَةً وَتِسْعِينَ نَفْسًا، فَسَأَلَ عَنْ أَعْلَمِ أَهْلِ الْأَرْضِ فَدُلَّ عَلَى رَاهِبٍ، فَأَتَاهُ فَقَالَ: “إِنَّهُ قَتَلَ تِسْعَةً وَتِسْعِينَ نَفْسًا، فَهَلْ لَهُ مِنْ تَوْبَةٍ؟” فَقَالَ: “لَا”. فَقَتَلَهُ، فَكَمَّلَ بِهِ مِائَةً، ثُمَّ سَأَلَ عَنْ أَعْلَمِ أَهْلِ الْأَرْضِ فَدُلَّ عَلَى رَجُلٍ عَالِمٍ، فَقَالَ: “إِنَّهُ قَتَلَ مِائَةَ نَفْسٍ، فَهَلْ لَهُ مِنْ تَوْبَةٍ؟” فَقَالَ: “نَعَمْ، وَمَنْ يَحُولُ بَيْنَهُ وَبَيْنَ التَّوْبَةِ؟ اِنْطَلِقْ إِلَى أَرْضِ كَذَا وَكَذَا، فَإِنَّ بِهَا أُنَاسًا يَعْبُدُونَ اللَّهَ عَزَّ وَجَلَّ فَاعْبُدِ اللَّهَ تَعَالَى مَعَهُمْ، وَلَا تَرْجِعْ إِلَى أَرْضِكَ، فَإِنَّهَا أَرْضُ سَوْءٍ”. فَانْطَلَقَ حَتَّى إِذَا نَصَفَ الطَّرِيقَ أَتَاهُ الْمَوْتُ، فَاخْتَصَمَتْ فِيهِ مَلَائِكَةُ الرَّحْمَةِ وَمَلَائِكَةُ الْعَذَابِ، فَقَالَتْ مَلَائِكَةُ الرَّحْمَةِ: “جَاءَ تَائِبًا مُقْبِلًا بِقَلْبِهِ إِلَى اللَّهِ عَزَّ وَجَلَّ”. وَقَالَتْ مَلَائِكَةُ الْعَذَابِ: “إِنَّهُ لَمْ يَعْمَلْ خَيْرًا قَطُّ”. فَأَتَاهُمْ مَلَكٌ فِي صُورَةِ آدَمِيٍّ، فَجَعَلُوهُ بَيْنَهُمْ، فَقَالَ: “قِيسُوا مَا بَيْنَ الْأَرْضَيْنِ، فَإِلَى أَيَّتِهِمَا كَانَ أَدْنَى فَهُوَ لَهُ”. فَقَاسُوا لَهُ، فَوَجَدُوهُ أَدْنَى إِلَى الْأَرْضِ الَّتِي أَرَادَ، فَقَبَضَتْهُ مَلَائِكَةُ الرَّحْمَةِ». قَالَ قَتَادَةُ: فَقَالَ الْحَسَنُ: «ذُكِرَ لَنَا أَنَّهُ لَمَّا أَتَاهُ الْمَوْتُ نَأَى بِصَدْرِهِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Худри (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.) былай дегенін жеткізді: «Сендерден бұрын өмір сүрген адамдардың арасында тоқсан тоғыз адамды өлтірген бір кісі болған. Ол жер бетіндегі ең білімді адамның кім екенін сұрастырып еді, жұрт оған бір монахты нұсқады. Әлгі кісі монахқа барып: “Мен тоқсан тоғыз адамды өлтірдім. Маған тәубе етуге жол бар ма?” – деп сұрады. Монах: “Жоқ”, – деді. Сонда ол монахты да өлтіріп, өлтірген адамдарының санын жүзге жеткізді. Содан кейін жер бетіндегі ең білімді адамның кім екенін тағы да сұрастырды. Жұрт оған бір ғалымды нұсқады. Ол ғалымға барып: “Мен жүз адамды өлтірдім. Маған тәубе етуге жол бар ма?” – деп сұрады. Ғалым: “Иә! Сені тәубеден кім бөгей алады? Пәлен жерге бар. Онда Ұлы әрі аса мәртебелі Аллаға құлшылық ететін адамдар тұрады. Сен де солармен бірге Алла Тағалаға құлшылық ет. Өз жеріңе қайтып барма, өйткені ол – жамандық жайлаған жер”, – деді. Ол жолға шығып, жолдың жартысына жеткенде ажалы жетті. Сонда рақым періштелері мен азап періштелері оның жайында таласқа түсті. Рақым періштелері: “Ол шын жүрегімен тәубе етіп, Ұлы әрі аса мәртебелі Аллаға бет бұрып келе жатты”, – деді. Ал азап періштелері: “Ол ешқашан бірде-бір жақсылық істеген емес”, – деді. Сол кезде оларға адам бейнесіндегі бір періште келді. Олар оны өз араларына төреші етті. Ол: “Екі жердің арақашықтығын өлшеңдер. Ол қайсысына жақынырақ болса, сол жерге тиесілі болады”, – деді. Олар оның тұрған жерінен екі елді мекенге дейінгі аралықты өлшеп, оның бармақ болған жеріне жақынырақ жатқанын анықтады. Сөйтіп, оның жанын рақым періштелері алды». Қатада: «Хасан: “Бізге оның ажалы жеткен кезде кеудесімен ілгері қарай ұмтылғаны айтылды”, – деді», – деген (2766/46).