عَنْ أَبِي أُمَامَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: بَيْنَمَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ فِي الْمَسْجِدِ، وَنَحْنُ قُعُودٌ مَعَهُ، إِذْ جَاءَ رَجُلٌ فَقَالَ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنِّي أَصَبْتُ حَدًّا، فَأَقِمْهُ عَلَيَّ». فَسَكَتَ عَنْهُ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ، ثُمَّ أَعَادَ فَقَالَ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنِّي أَصَبْتُ حَدًّا، فَأَقِمْهُ عَلَيَّ». فَسَكَتَ عَنْهُ، وَأُقِيمَتِ الصَّلَاةُ، فَلَمَّا اِنْصَرَفَ نَبِيُّ اللَّهِ ﷺ قَالَ أَبُو أُمَامَةَ: فَاتَّبَعَ الرَّجُلُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ حِينَ اِنْصَرَفَ، وَاتَّبَعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ أَنْظُرُ مَا يَرُدُّ عَلَى الرَّجُلِ، فَلَحِقَ الرَّجُلُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ، فَقَالَ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنِّي أَصَبْتُ حَدًّا، فَأَقِمْهُ عَلَيَّ». فَقَالَ أَبُو أُمَامَةَ: فَقَالَ لَهُ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «أَرَأَيْتَ حِينَ خَرَجْتَ مِنْ بَيْتِكَ، أَلَيْسَ قَدْ تَوَضَّأْتَ فَأَحْسَنْتَ الْوُضُوءَ؟» قَالَ: «بَلَى، يَا رَسُولَ اللَّهِ». قَالَ: «ثُمَّ شَهِدْتَ الصَّلَاةَ مَعَنَا؟» فَقَالَ: «نَعَمْ، يَا رَسُولَ اللَّهِ». قَالَ: فَقَالَ لَهُ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «فَإِنَّ اللَّهَ قَدْ غَفَرَ لَكَ حَدَّكَ» (أَوْ قَالَ: «ذَنْبَكَ»).
Әбу Умама (р.а.) былай деді: «Бірде Алла Елшісі (с.а.с.) мешітте отырды, біз де оның қасында отырған едік. Сол кезде бір адам келіп: “Уа, Расулалла! Мен хад жазасын қажет ететін бір іс істедім. Маған сол жазаны қолданыңыз”, – деді. Алла Елшісі (с.а.с.) оған жауап бермей, үнсіз қалды. Әлгі адам сөзін қайталап: “Уа, Расулалла! Мен хад жазасын қажет ететін бір іс істедім. Маған сол жазаны қолданыңыз”, – деді. Ол (с.а.с.) тағы да жауап бермей, үнсіз қалды. Содан кейін намазға қамат айтылды». Әбу Умама сөзін жалғастырып: «Алла Елшісі (с.а.с.) намаздан кейін кетіп бара жатқанда, әлгі адам оның соңынан ерді. Мен де Алла Елшісінің (с.а.с.) оған не деп жауап беретінін білу үшін соңынан ердім. Әлгі адам Алла Елшісіне (с.а.с.) жетіп: “Уа, Расулалла! Мен хад жазасын қажет ететін бір іс істедім. Маған сол жазаны қолданыңыз”, – деді. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.) одан: “Айтшы, үйіңнен шығарда дәретіңді жақсылап алмадың ба?” – деп сұрады. Ол: “Әрине, алдым, уа, Расулалла!” – деді. Ол (с.а.с.): “Содан кейін бізбен бірге намаз оқыдың ғой?” – деп сұрады. Әлгі адам: “Иә, уа, Расулалла!” – деді. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.) оған: “Расында, Алла сенің хад жазасын қажет ететін ісіңді кешірді”, – деді немесе: “Күнәңді кешірді”, – деді» (2765/45).