عَنِ الْأَحْنَفِ بْنِ قَيْسٍ، قَالَ: خَرَجْتُ وَأَنَا أُرِيدُ هَذَا الرَّجُلَ فَلَقِيَنِي أَبُو بَكْرَةَ، فَقَالَ: «أَيْنَ تُرِيدُ، يَا أَحْنَفُ؟» قَالَ: قُلْتُ: «أُرِيدُ نَصْرَ ابْنِ عَمِّ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ» (يَعْنِي عَلِيًّا رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ). قَالَ: فَقَالَ لِي: «يَا أَحْنَفُ، اِرْجِعْ، فَإِنِّي سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: “إِذَا تَوَاجَهَ الْمُسْلِمَانِ بِسَيْفَيْهِمَا، فَالْقَاتِلُ وَالْمَقْتُولُ فِي النَّارِ”». قَالَ: فَقُلْتُ (أَوْ قِيلَ): «يَا رَسُولَ اللَّهِ، هَذَا الْقَاتِلُ، فَمَا بَالُ الْمَقْتُولِ؟» قَالَ: «إِنَّهُ قَدْ أَرَادَ قَتْلَ صَاحِبِهِ».
Әл-Ахнаф ибн Қайс былай деді: «Мен әлгі кісіге бармақ болып жолға шыққан едім. Сонда Әбу Бәкра маған жолығып: “Уа, Ахнаф! Қайда бет алдың?” – деп сұрады. Мен: “Алла Елшісінің (с.а.с.) немере ағайынына, яғни Әлиге (р.а.) жәрдем беруге бара жатырмын”, – дедім. Сонда ол маған: “Уа, Ахнаф! Кері қайт! Өйткені мен Алла Елшісінің (с.а.с.): ‘Екі мұсылман бір-біріне қылыштарын кезенсе, өлтіргені де, өлтірілгені де Тозақта’, – дегенін естідім”, – деді. Әбу Бәкра сөзін жалғастырып: “Сонда: ‘Уа, Расулалла! Өлтірген адамның жайы түсінікті, ал өлтірілген адам неліктен Тозақта?’ – деп сұрадым (немесе: ‘деп сұралды’). Ол (с.а.с.): ‘Өйткені ол да қарсыласын өлтіргісі келген еді’, – деп жауап берді”, – деді» (2888/14).