عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، قَالَتْ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «لَا يَذْهَبُ اللَّيْلُ وَالنَّهَارُ حَتَّى تُعْبَدَ اللَّاتُ وَالْعُزَّى». فَقُلْتُ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنْ كُنْتُ لَأَظُنُّ حِينَ أَنْزَلَ اللَّهُ: ﴿هُوَ الَّذِي أَرْسَلَ رَسُولَهُ بِالْهُدَى وَدِينِ الْحَقِّ لِيُظْهِرَهُ عَلَى الدِّينِ كُلِّهِ وَلَوْ كَرِهَ الْمُشْرِكُونَ﴾ [التَّوْبَةُ: ٣٣] أَنَّ ذَلِكَ تَامٌّ». قَالَ: «إِنَّهُ سَيَكُونُ مِنْ ذَلِكَ مَا شَاءَ اللَّهُ، ثُمَّ يَبْعَثُ اللَّهُ رِيحًا طَيِّبَةً، فَتَوَفَّى كُلَّ مَنْ فِي قَلْبِهِ مِثْقَالُ حَبَّةِ خَرْدَلٍ مِنْ إِيمَانٍ، فَيَبْقَى مَنْ لَا خَيْرَ فِيهِ، فَيَرْجِعُونَ إِلَى دِينِ آبَائِهِمْ».
Айша (р.а.) былай деген: «Мен Алла Елшісінің (с.а.с.): “Лат пен Ұззаға табынылмайынша, күн мен түннің алмасуы тоқтамайды”, – дегенін естідім. Сонда мен: “Уа, Расулалла! Алла: ‘Мүшріктер қанша жерден жақтырмаса да, Алла хақ дін Исламның мерейін өзге дін атаулының барлығынан үстем ету үшін пайғамбарын тура жол және хақ дінмен жіберді.’ (‘Тәубе’, 33), – деген аятты түсіргенде, бұл іс толық жүзеге асты деп ойлаған едім”, – дедім. Ол (с.а.с.): “Бұл жағдай Алла қалаған уақытқа дейін жалғасады. Содан кейін Алла жағымды жел жібереді. Ол жүрегінде қыша дәнінің салмағындай иманы бар әрбір адамның жанын алады. Сөйтіп, бойында ешбір жақсылық жоқ адамдар ғана қалады. Олар ата-бабаларының дініне қайта оралады”, – деді» (2907/52).