عَنْ يُسَيْرِ بْنِ جَابِرٍ، قَالَ: هَاجَتْ رِيحٌ حَمْرَاءُ بِالْكُوفَةِ، فَجَاءَ رَجُلٌ لَيْسَ لَهُ هِجِّيرَى إِلَّا «يَا عَبْدَ اللَّهِ بْنَ مَسْعُودٍ، جَاءَتِ السَّاعَةُ». قَالَ: فَقَعَدَ وَكَانَ مُتَّكِئًا، فَقَالَ: «إِنَّ السَّاعَةَ لَا تَقُومُ حَتَّى لَا يُقْسَمَ مِيرَاثٌ، وَلَا يُفْرَحَ بِغَنِيمَةٍ». ثُمَّ قَالَ بِيَدِهِ هَكَذَا (وَنَحَّاهَا نَحْوَ الشَّأْمِ) فَقَالَ: «عَدُوٌّ يَجْمَعُونَ لِأَهْلِ الْإِسْلَامِ، وَيَجْمَعُ لَهُمْ أَهْلُ الْإِسْلَامِ». قُلْتُ: «الرُّومَ تَعْنِي؟» قَالَ: «نَعَمْ، وَيَكُونُ عِنْدَ ذَاكُمُ الْقِتَالِ رَدَّةٌ شَدِيدَةٌ، فَيَشْتَرِطُ الْمُسْلِمُونَ شُرْطَةً لِلْمَوْتِ لَا تَرْجِعُ إِلَّا غَالِبَةً، فَيَقْتَتِلُونَ حَتَّى يَحْجُزَ بَيْنَهُمُ اللَّيْلُ، فَيَفِيءُ هَؤُلَاءِ وَهَؤُلَاءِ، كُلٌّ غَيْرُ غَالِبٍ، وَتَفْنَى الشُّرْطَةُ،
ثُمَّ يَشْتَرِطُ الْمُسْلِمُونَ شُرْطَةً أُخْرَى لِلْمَوْتِ، لَا تَرْجِعُ إِلَّا غَالِبَةً، فَيَقْتَتِلُونَ حَتَّى يَحْجُزَ بَيْنَهُمُ اللَّيْلُ، فَيَفِيءُ هَؤُلَاءِ وَهَؤُلَاءِ، كُلٌّ غَيْرُ غَالِبٍ، وَتَفْنَى الشُّرْطَةُ،
ثُمَّ يَشْتَرِطُ الْمُسْلِمُونَ شُرْطَةً لِلْمَوْتِ، لَا تَرْجِعُ إِلَّا غَالِبَةً، فَيَقْتَتِلُونَ حَتَّى يُمْسُوا، فَيَفِيءُ هَؤُلَاءِ وَهَؤُلَاءِ، كُلٌّ غَيْرُ غَالِبٍ، وَتَفْنَى الشُّرْطَةُ،
فَإِذَا كَانَ الْيَوْمُ الرَّابِعُ، نَهَدَ إِلَيْهِمْ بَقِيَّةُ أَهْلِ الْإِسْلَامِ، فَيَجْعَلُ اللَّهُ الدَّبْرَةَ عَلَيْهِمْ، فَيَقْتَتِلُونَ مَقْتَلَةً» (إِمَّا قَالَ: «لَا يُرَى مِثْلُهَا»، وَإِمَّا قَالَ: «لَمْ يُرَ مِثْلُهَا»)، «حَتَّى إِنَّ الطَّائِرَ لَيَمُرُّ بِجَنَبَاتِهِمْ، فَمَا يُخَلِّفُهُمْ حَتَّى يَخِرَّ مَيْتًا، فَيَتَعَادُّ بَنُو الْأَبِ، كَانُوا مِائَةً، فَلَا يَجِدُونَهُ بَقِيَ مِنْهُمْ إِلَّا الرَّجُلُ الْوَاحِدُ، فَبِأَيِّ غَنِيمَةٍ يُفْرَحُ؟ أَوْ أَيُّ مِيرَاثٍ يُقَاسَمُ؟
فَبَيْنَمَا هُمْ كَذَلِكَ إِذْ سَمِعُوا بِبَأْسٍ هُوَ أَكْبَرُ مِنْ ذَلِكَ، فَجَاءَهُمُ الصَّرِيخُ: “إِنَّ الدَّجَّالَ قَدْ خَلَفَهُمْ فِي ذَرَارِيِّهِمْ”. فَيَرْفُضُونَ مَا فِي أَيْدِيهِمْ، وَيُقْبِلُونَ، فَيَبْعَثُونَ عَشَرَةَ فَوَارِسَ طَلِيعَةً، قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “إِنِّي لَأَعْرِفُ أَسْمَاءَهُمْ وَأَسْمَاءَ آبَائِهِمْ وَأَلْوَانَ خُيُولِهِمْ، هُمْ خَيْرُ فَوَارِسَ عَلَى ظَهْرِ الْأَرْضِ يَوْمَئِذٍ”» (أَوْ: «مِنْ خَيْرِ فَوَارِسَ عَلَى ظَهْرِ الْأَرْضِ يَوْمَئِذٍ»).
Юсайр ибн Жәбир былай деді: «Куфада қызыл жел көтерілді. Сонда бір адам келіп: “Уа, Абдулла ибн Масғуд! Қиямет жетті!” – деген сөзді аузынан тастамай, қайта-қайта айта берді. Сүйеніп отырған Ибн Масғуд бойын тіктеп отырды да: “Мұра бөлінбейтін, олжаға қуанылмайтын уақыт келмейінше, Қиямет болмайды”, – деді. Содан кейін қолымен Шам жақты нұсқап: “Жау мұсылмандарға қарсы әскер жинайды, мұсылмандар да оларға қарсы әскер жинайды”, – деді. Мен: “Рұмдықтарды меңзеп тұрсыз ба?” – деп сұрадым. Ол: “Иә. Сол кезде қиян-кескі шайқас болады. Мұсылмандар өлімге бас тіккен, жеңіске жетпей кері қайтпайтын таңдаулы жасақ шығарады. Олар түн екі жақты бір-бірінен ажыратқанға дейін шайқасады. Содан кейін екі жақ та жеңіске жете алмай кері қайтады, ал таңдаулы жасақ түгел қырылады.
Содан соң мұсылмандар өлімге бас тіккен, жеңіске жетпей кері қайтпайтын тағы бір таңдаулы жасақ шығарады. Олар түн екі жақты бір-бірінен ажыратқанға дейін шайқасады. Содан кейін екі жақ та жеңіске жете алмай кері қайтады, ал таңдаулы жасақ түгел қырылады.
Содан соң мұсылмандар өлімге бас тіккен, жеңіске жетпей кері қайтпайтын тағы бір таңдаулы жасақ шығарады. Олар кеш батқанға дейін шайқасады. Содан кейін екі жақ та жеңіске жете алмай кері қайтады, ал таңдаулы жасақ түгел қырылады.
Төртінші күн келгенде, мұсылмандардың қалғандары түгелдей оларға қарсы аттанады. Сонда Алла жауды ойсырата жеңіліске ұшыратады. Мұсылмандар жауды жойқын қырғынға ұшыратады”, – деді. Оның: “Мұндай қырғынның теңдесі бұдан былай көрілмейді”, – деді ме, әлде: “Мұндай қырғынның теңдесі бұрын-соңды көрілмеген”, – деді ме – анық білмеймін.
Ибн Масғуд сөзін жалғастырып: “Тіпті бір құс сол қырғын болған жердің шетін бойлай ұшса, оның арғы шетіне жете алмай, өліп құлайды. Бір атаның балалары өздерін түгендейді: олар жүз адам болған еді, бірақ араларынан бір-ақ адамның тірі қалғанын көреді. Сонда қай олжаға қуануға болады? Қай мұра бөліске түседі? Олар осындай күйде тұрған кезде, бұдан да зор бір қауіп жайында естиді. Оларға шұғыл хабаршы келіп: ‘Дәжжал арттарыңда қалған бала-шағаларыңның арасына кіріпті!’ – дейді. Сонда олар қолдарындағының бәрін тастай салып, кері аттанады. Алдарына барлаушы етіп он салт аттыны жібереді”, – деді. Алла Елшісі (с.а.с.): “Расында, мен олардың есімдерін де, әкелерінің есімдерін де, аттарының түстерін де білемін. Олар сол күні жер бетіндегі ең таңдаулы салт аттылар болады немесе сол күні жер бетіндегі ең таңдаулы салт аттылардың қатарында болады”, – деді» (2899/37).