Хадис

Сахих Мүслим, № 2029

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
65. Бүліктер кітабыكِتَابُ الْفِتَنِ
бап
35. Константинопольді алу туралыبَابٌ: فِي فَتْحِ قُسْطَنْطِينِيَّةَ
Нөмірі
№ 2029 (Мухтасар реті)
2029
Мүслим, № 2029Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «لَا تَقُومُ السَّاعَةُ حَتَّى تَنْزِلَ الرُّومُ بِالْأَعْمَاقِ أَوْ بِدَابِقٍ، فَيَخْرُجُ إِلَيْهِمْ جَيْشٌ مِنَ الْمَدِينَةِ، مِنْ خِيَارِ أَهْلِ الْأَرْضِ يَوْمَئِذٍ، فَإِذَا تَصَافُّوا، قَالَتِ الرُّومُ: “خَلُّوا بَيْنَنَا وَبَيْنَ الَّذِينَ سَبَوْا مِنَّا نُقَاتِلْهُمْ”. فَيَقُولُ الْمُسْلِمُونَ: “لَا، وَاللَّهِ، لَا نُخَلِّي بَيْنَكُمْ وَبَيْنَ إِخْوَانِنَا”. فَيُقَاتِلُونَهُمْ، فَيَنْهَزِمُ ثُلُثٌ لَا يَتُوبُ اللَّهُ عَلَيْهِمْ أَبَدًا، وَيُقْتَلُ ثُلُثُهُمْ (أَفْضَلُ الشُّهَدَاءِ عِنْدَ اللَّهِ)، وَيَفْتَتِحُ الثُّلُثُ، لَا يُفْتَنُونَ أَبَدًا؛ فَيَفْتَتِحُونَ قُسْطَنْطِينِيَّةَ، فَبَيْنَمَا هُمْ يَقْتَسِمُونَ الْغَنَائِمَ، قَدْ عَلَّقُوا سُيُوفَهُمْ بِالزَّيْتُونِ، إِذْ صَاحَ فِيهِمِ الشَّيْطَانُ: “إِنَّ الْمَسِيحَ قَدْ خَلَفَكُمْ فِي أَهْلِيكُمْ”. فَيَخْرُجُونَ، وَذَلِكَ بَاطِلٌ، فَإِذَا جَاوَزُوا الشَّأْمَ خَرَجَ، فَبَيْنَمَا هُمْ يُعِدُّونَ لِلْقِتَالِ، يُسَوُّونَ الصُّفُوفَ، إِذْ أُقِيمَتِ الصَّلَاةُ، فَيَنْزِلُ عِيسَى ابْنُ مَرْيَمَ عَلَيْهِ السَّلَامُ، فَأَمَّهُمْ، فَإِذَا رَآهُ عَدُوُّ اللَّهِ، ذَابَ كَمَا يَذُوبُ الْمِلْحُ فِي الْمَاءِ، فَلَوْ تَرَكَهُ لَانْذَابَ حَتَّى يَهْلِكَ، وَلَكِنْ يَقْتُلُهُ اللَّهُ بِيَدِهِ، فَيُرِيهِمْ دَمَهُ فِي حَرْبَتِهِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.) былай дегенін жеткізді: «Рұмдықтар Ағмаққа немесе Дабиққа келіп орналасқанға дейін, Қиямет орнамайды. Сол кезде оларға қарсы Мәдинадан сол замандағы жер бетіндегі ең ізгі адамдардан құралған әскер аттанады. Екі әскер сап түзеп, бетпе-бет келгенде, рұмдықтар: “Бізді арамыздан тұтқын алып кеткендермен оңаша қалдырыңдар, солармен соғысамыз”, – дейді. Мұсылмандар: “Жоқ! Алланың атымен ант етеміз, сендерді бауырларымызбен оңаша қалдырмаймыз”, – дейді. Сөйтіп, олармен шайқасады. Мұсылмандардың үштен бірі жеңіліп, қашады. Алла олардың тәубесін ешқашан қабылдамайды. Үштен бірі қаза табады. Олар – Алланың құзырындағы ең абзал шәһидтер. Ал қалған үштен бірі жеңіске жетеді әрі бұдан былай ешбір бүлікке түспейді. Олар Құстантинияны алады.

Олжаларды бөлісіп, қылыштарын зәйтүн ағаштарына іліп қойған кезде, шайтан олардың арасында: “Мәсіх Дәжжал сендер жоқта отбасыларыңа келді!” – деп айғай салады. Сонда олар дереу жолға шығады. Алайда бұл хабар жалған болады. Олар Шамнан өткен кезде, Дәжжал шығады. Мұсылмандар шайқасқа әзірленіп, саптарын түзеп жатқанда, намазға қамат айтылады. Сол кезде Мәриям ұлы Иса (а.с.) түсіп, оларға имам болады. Алланың дұшпаны оны көрген сәтте, тұз суда ерігендей ери бастайды. Егер Иса оны жайына қалдырғанда, ол әбден еріп, жойылып кетер еді. Алайда Алла оны Исаның қолымен өлтіреді. Содан кейін Иса оларға найзасына жұққан оның қанын көрсетеді» (2897/34).