Хадис

Сахих Мүслим, № 2035

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
65. Бүліктер кітабыكِتَابُ الْفِتَنِ
бап
40. Жүректердегі аманатқа адалдық пен иманның жоғалуы туралыبَابٌ: فِي رَفْعِ الْأَمَانَةِ وَالْإِيمَانِ مِنَ الْقُلُوبِ
Нөмірі
№ 2035 (Мухтасар реті)
2035
Мүслим, № 2035Риуаят етуші: Хузайфа (р.а.)

عَنْ حُذَيْفَةَ قَالَ: حَدَّثَنَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ حَدِيثَيْنِ؛ قَدْ رَأَيْتُ أَحَدَهُمَا وَأَنَا أَنْتَظِرُ الْآخَرَ. حَدَّثَنَا: «أَنَّ الْأَمَانَةَ نَزَلَتْ فِي جَذْرِ قُلُوبِ الرِّجَالِ، ثُمَّ نَزَلَ الْقُرْآنُ، فَتَعَلَّمُوا مِنَ الْقُرْآنِ وَعَلِمُوا مِنَ السُّنَّةِ». ثُمَّ حَدَّثَنَا عَنْ رَفْعِ الْأَمَانَةِ قَالَ: «يَنَامُ الرَّجُلُ النَّوْمَةَ فَتُقْبَضُ الْأَمَانَةُ مِنْ قَلْبِهِ، فَيَظَلُّ أَثَرُهَا مِثْلَ الْوَكْتِ، ثُمَّ يَنَامُ النَّوْمَةَ فَتُقْبَضُ الْأَمَانَةُ مِنْ قَلْبِهِ، فَيَظَلُّ أَثَرُهَا مِثْلَ الْمَجْلِ، كَجَمْرٍ دَحْرَجْتَهُ عَلَى رِجْلِكَ فَنَفِطَ، فَتَرَاهُ مُنْتَبِرًا وَلَيْسَ فِيهِ شَيْءٌ». (ثُمَّ أَخَذَ حَصَاةً فَدَحْرَجَهَا عَلَى رِجْلِهِ). «فَيُصْبِحُ النَّاسُ يَتَبَايَعُونَ، لَا يَكَادُ أَحَدٌ يُؤَدِّي الْأَمَانَةَ، حَتَّى يُقَالَ: “إِنَّ فِي بَنِي فُلَانٍ رَجُلًا أَمِينًا”، حَتَّى يُقَالَ لِلرَّجُلِ: “مَا أَجْلَدَهُ! مَا أَظْرَفَهُ! مَا أَعْقَلَهُ!” وَمَا فِي قَلْبِهِ مِثْقَالُ حَبَّةٍ مِنْ خَرْدَلٍ مِنْ إِيمَانٍ». وَلَقَدْ أَتَى عَلَيَّ زَمَانٌ وَمَا أُبَالِي أَيَّكُمْ بَايَعْتُ، لَئِنْ كَانَ مُسْلِمًا لَيَرُدَّنَّهُ عَلَيَّ دِينُهُ، وَلَئِنْ كَانَ نَصْرَانِيًّا أَوْ يَهُودِيًّا لَيَرُدَّنَّهُ عَلَيَّ سَاعِيهِ، وَأَمَّا الْيَوْمَ فَمَا كُنْتُ لِأُبَايِعَ مِنْكُمْ إِلَّا فُلَانًا وَفُلَانًا.

Қазақша аудармасы

Хузайфа былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.) бізге екі хадис баяндады. Оның біреуінің жүзеге асқанын көрдім, ал екіншісін әлі күтіп жүрмін. Ол (с.а.с.) бізге: “Аманатқа адалдық адамдардың жүрегінің түбіне орнықты. Содан кейін Құран түсті. Сөйтіп, олар Құраннан да, сүннеттен де үйренді”, – деп баяндады. Содан кейін бізге аманатқа адалдықтың жоғалуы туралы былай хабарлады: “Адам бір ұйықтап тұрады да, оның жүрегінен аманатқа адалдық алынады. Сөйтіп, жүрегінде кішкентай дақтай ізі ғана қалады. Содан кейін ол тағы ұйықтайды да, жүрегінен аманатқа адалдық алынады. Бұл жолы оның ізі күлдіреуіктей болып қалады. Бұл – аяғыңның үстімен қызған шоқты домалатқанда пайда болатын күлдіреуік тәрізді: оны томпайып тұрған күйінде көресің, алайда ішінде еш нәрсе болмайды”. Содан кейін ол (с.а.с.) бір ұсақ тасты алып, аяғының үстімен домалатты. “Сөйтіп, адамдар таң атысымен өзара сауда-саттық жасайтын болады, бірақ аманатты орындайтын адам табыла қоймайды. Тіпті: ‘Пәленше әулетінің арасында бір сенімді адам бар’, – делінеді. Сондай-ақ бір адам туралы: ‘Ол қандай қайратты! Қандай алғыр! Қандай ақылды!’ – делінеді. Алайда оның жүрегінде қыша дәнінің салмағындай да иман болмайды”, – деді. Бір кездері сендердің кез келгеніңмен сауда жасасам да, оған алаңдамайтынмын. Егер ол мұсылман болса, діні оны маған ақымды қайтаруға міндеттейтін. Ал егер ол христиан немесе яһуди болса, оның билеушісі менің ақымды қайтартып беретін. Ал бүгін сендердің іштеріңнен тек пәленше мен түгеншемен ғана сауда жасаймын» (143/230).