عَنِ النَّوَّاسِ بْنِ سَمْعَانَ، قَالَ: ذَكَرَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ الدَّجَّالَ ذَاتَ غَدَاةٍ، فَخَفَّضَ فِيهِ وَرَفَّعَ، حَتَّى ظَنَنَّاهُ فِي طَائِفَةِ النَّخْلِ، فَلَمَّا رُحْنَا إِلَيْهِ عَرَفَ ذَلِكَ فِينَا، فَقَالَ: «مَا شَأْنُكُمْ؟» قُلْنَا: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، ذَكَرْتَ الدَّجَّالَ غَدَاةً، فَخَفَّضْتَ فِيهِ وَرَفَّعْتَ، حَتَّى ظَنَنَّاهُ فِي طَائِفَةِ النَّخْلِ». فَقَالَ: «غَيْرُ الدَّجَّالِ أَخْوَفُنِي عَلَيْكُمْ، إِنْ يَخْرُجْ وَأَنَا فِيكُمْ، فَأَنَا حَجِيجُهُ دُونَكُمْ، وَإِنْ يَخْرُجْ وَلَسْتُ فِيكُمْ، فَامْرُؤٌ حَجِيجُ نَفْسِهِ وَاللَّهُ خَلِيفَتِي عَلَى كُلِّ مُسْلِمٍ. إِنَّهُ شَابٌّ قَطَطٌ، عَيْنُهُ طَافِئَةٌ، كَأَنِّي أُشَبِّهُهُ بِعَبْدِ الْعُزَّى بْنِ قَطَنٍ، فَمَنْ أَدْرَكَهُ مِنْكُمْ فَلْيَقْرَأْ عَلَيْهِ فَوَاتِحَ سُورَةِ الْكَهْفِ، إِنَّهُ خَارِجٌ خَلَّةً بَيْنَ الشَّأْمِ وَالْعِرَاقِ، فَعَاثَ يَمِينًا وَعَاثَ شِمَالًا، يَا عِبَادَ اللَّهِ فَاثْبُتُوا». قُلْنَا: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، وَمَا لَبْثُهُ فِي الْأَرْضِ؟» قَالَ: «أَرْبَعُونَ يَوْمًا، يَوْمٌ كَسَنَةٍ، وَيَوْمٌ كَشَهْرٍ، وَيَوْمٌ كَجُمُعَةٍ، وَسَائِرُ أَيَّامِهِ كَأَيَّامِكُمْ». قُلْنَا: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، فَذَلِكَ الْيَوْمُ الَّذِي كَسَنَةٍ، أَتَكْفِينَا فِيهِ صَلَاةُ يَوْمٍ؟» قَالَ: «لَا، اُقْدُرُوا لَهُ قَدْرَهُ». قُلْنَا: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، وَمَا إِسْرَاعُهُ فِي الْأَرْضِ؟» قَالَ: «كَالْغَيْثِ اِسْتَدْبَرَتْهُ الرِّيحُ، فَيَأْتِي عَلَى الْقَوْمِ فَيَدْعُوهُمْ، فَيُؤْمِنُونَ بِهِ وَيَسْتَجِيبُونَ لَهُ، فَيَأْمُرُ السَّمَاءَ فَتُمْطِرُ، وَالْأَرْضَ فَتُنْبِتُ، فَتَرُوحُ عَلَيْهِمْ سَارِحَتُهُمْ، أَطْوَلَ مَا كَانَتْ ذُرًا، وَأَسْبَغَهُ ضُرُوعًا، وَأَمَدَّهُ خَوَاصِرَ، ثُمَّ يَأْتِي الْقَوْمَ، فَيَدْعُوهُمْ فَيَرُدُّونَ عَلَيْهِ قَوْلَهُ، فَيَنْصَرِفُ عَنْهُمْ، فَيُصْبِحُونَ مُمْحِلِينَ لَيْسَ بِأَيْدِيهِمْ شَيْءٌ مِنْ أَمْوَالِهِمْ، وَيَمُرُّ بِالْخَرِبَةِ، فَيَقُولُ لَهَا: “أَخْرِجِي كُنُوزَكِ”. فَتَتْبَعُهُ كُنُوزُهَا كَيَعَاسِيبِ النَّحْلِ، ثُمَّ يَدْعُو رَجُلًا مُمْتَلِئًا شَبَابًا، فَيَضْرِبُهُ بِالسَّيْفِ فَيَقْطَعُهُ جَزْلَتَيْنِ رَمْيَةَ الْغَرَضِ، ثُمَّ يَدْعُوهُ فَيُقْبِلُ وَيَتَهَلَّلُ وَجْهُهُ يَضْحَكُ، فَبَيْنَمَا هُوَ كَذَلِكَ إِذْ بَعَثَ اللَّهُ الْمَسِيحَ ابْنَ مَرْيَمَ عَلَيْهِ السَّلَامُ، فَيَنْزِلُ عِنْدَ الْمَنَارَةِ الْبَيْضَاءِ شَرْقِيَّ دِمَشْقَ، بَيْنَ مَهْرُودَتَيْنِ، وَاضِعًا كَفَّيْهِ عَلَى أَجْنِحَةِ مَلَكَيْنِ، إِذَا طَأْطَأَ رَأْسَهُ قَطَرَ، وَإِذَا رَفَعَهُ تَحَدَّرَ مِنْهُ جُمَانٌ كَاللُّؤْلُؤِ، فَلَا يَحِلُّ لِكَافِرٍ يَجِدُ رِيحَ نَفَسِهِ إِلَّا مَاتَ، وَنَفَسُهُ يَنْتَهِي حَيْثُ يَنْتَهِي طَرْفُهُ، فَيَطْلُبُهُ حَتَّى يُدْرِكَهُ بِبَابِ لُدٍّ، فَيَقْتُلُهُ، ثُمَّ يَأْتِي عِيسَى ابْنَ مَرْيَمَ قَوْمٌ قَدْ عَصَمَهُمُ اللَّهُ مِنْهُ، فَيَمْسَحُ عَنْ وُجُوهِهِمْ وَيُحَدِّثُهُمْ بِدَرَجَاتِهِمْ فِي الْجَنَّةِ، فَبَيْنَمَا هُوَ كَذَلِكَ إِذْ أَوْحَى اللَّهُ إِلَى عِيسَى عَلَيْهِ السَّلَامُ: “إِنِّي قَدْ أَخْرَجْتُ عِبَادًا لِي، لَا يَدَانِ لِأَحَدٍ بِقِتَالِهِمْ، فَحَرِّزْ عِبَادِي إِلَى الطُّورِ”. وَيَبْعَثُ اللَّهُ يَأْجُوجَ وَمَأْجُوجَ، ﴿وَهُمْ مِنْ كُلِّ حَدَبٍ يَنْسِلُونَ﴾، فَيَمُرُّ أَوَائِلُهُمْ عَلَى بُحَيْرَةِ طَبَرِيَّةَ فَيَشْرَبُونَ مَا فِيهَا، وَيَمُرُّ آخِرُهُمْ فَيَقُولُونَ: “لَقَدْ كَانَ بِهَذِهِ مَرَّةً مَاءٌ”. وَيُحْصَرُ نَبِيُّ اللَّهِ عِيسَى عَلَيْهِ السَّلَامُ وَأَصْحَابُهُ، حَتَّى يَكُونَ رَأْسُ الثَّوْرِ لِأَحَدِهِمْ خَيْرًا مِنْ مِائَةِ دِينَارٍ لِأَحَدِكُمُ الْيَوْمَ، فَيَرْغَبُ نَبِيُّ اللَّهِ وَأَصْحَابُهُ، فَيُرْسِلُ اللَّهُ عَلَيْهِمُ النَّغَفَ فِي رِقَابِهِمْ، فَيُصْبِحُونَ فَرْسَى كَمَوْتِ نَفْسٍ وَاحِدَةٍ، ثُمَّ يَهْبِطُ نَبِيُّ اللَّهِ عِيسَى وَأَصْحَابُهُ إِلَى الْأَرْضِ، فَلَا يَجِدُونَ فِي الْأَرْضِ مَوْضِعَ شِبْرٍ إِلَّا مَلَأَهُ زَهَمُهُمْ وَنَتْنُهُمْ، فَيَرْغَبُ نَبِيُّ اللَّهِ عِيسَى وَأَصْحَابُهُ إِلَى اللَّهِ، فَيُرْسِلُ اللَّهُ طَيْرًا كَأَعْنَاقِ الْبُخْتِ فَتَحْمِلُهُمْ فَتَطْرَحُهُمْ حَيْثُ شَاءَ اللَّهُ، ثُمَّ يُرْسِلُ اللَّهُ مَطَرًا لَا يَكُنُّ مِنْهُ بَيْتُ مَدَرٍ وَلَا وَبَرٍ، فَيَغْسِلُ الْأَرْضَ حَتَّى يَتْرُكَهَا كَالزَّلَفَةِ، ثُمَّ يُقَالُ لِلْأَرْضِ: “أَنْبِتِي ثَمَرَتَكِ، وَرُدِّي بَرَكَتَكِ”. فَيَوْمَئِذٍ تَأْكُلُ الْعِصَابَةُ مِنَ الرُّمَّانَةِ، وَيَسْتَظِلُّونَ بِقِحْفِهَا، وَيُبَارَكُ فِي الرِّسْلِ، حَتَّى أَنَّ اللِّقْحَةَ مِنَ الْإِبِلِ لَتَكْفِي الْفِئَامَ مِنَ النَّاسِ، وَاللِّقْحَةَ مِنَ الْبَقَرِ لَتَكْفِي الْقَبِيلَةَ مِنَ النَّاسِ، وَاللِّقْحَةَ مِنَ الْغَنَمِ لَتَكْفِي الْفَخِذَ مِنَ النَّاسِ، فَبَيْنَمَا هُمْ كَذَلِكَ إِذْ بَعَثَ اللَّهُ رِيحًا طَيِّبَةً، فَتَأْخُذُهُمْ تَحْتَ آبَاطِهِمْ، فَتَقْبِضُ رُوحَ كُلِّ مُؤْمِنٍ وَكُلِّ مُسْلِمٍ، وَيَبْقَى شِرَارُ النَّاسِ، يَتَهَارَجُونَ فِيهَا تَهَارُجَ الْحُمُرِ، فَعَلَيْهِمْ تَقُومُ السَّاعَةُ».
Наууас ибн Сәмған былай деген: «Бір күні таңертең Алла Елшісі (с.а.с.) Дәжжал жайлы сөз қозғады. Ол туралы бірде дауысын бәсеңдетіп, бірде көтеріп сөйлегені сонша, біз оны құрма бағының бір шетінде тұрғандай сезіндік. Түстен кейін оның қасына барғанымызда, ол бойымыздағы осы күйді аңғарып: “Сендерге не болды?” – деп сұрады. Біз: “Уа, Алланың Елшісі! Таңертең Дәжжал жайлы сөз қозғап, ол туралы бірде даусыңызды бәсеңдетіп, бірде көтеріп сөйлегеніңіз сонша, біз оны құрма бағының бір шетінде тұрғандай сезіндік”, – дедік. Сонда ол: “Мен сендер үшін Дәжжалдан гөрі өзге нәрседен көбірек қорқамын. Егер ол мен орталарыңда жүргенде шықса, сендер үшін оған қарсы өзім тұрамын. Ал егер мен орталарыңда жоқта шықса, әркім оған қарсы өзі тұрады. Мен жоқта Алла әрбір мұсылманға қамқор болады. Расында, Дәжжал – қатты бұйра шашты жас жігіт. Бір көзі соқыр. Мен оны Абдулузза ибн Қатанға ұқсатамын. Сендердің араларыңнан кім оны көрсе, оған қарсы ‘Кәһф’ сүресінің алғашқы аяттарын оқысын. Ол Шам мен Ирактың арасындағы бір жолдан шығып, оңды-солды ойран салады. Уа, Алланың құлдары! Берік болыңдар!” – деді. Біз: “Уа, Алланың Елшісі! Ол жер бетінде қанша уақыт болады?” – деп сұрадық. Ол: “Қырық күн. Оның бір күні бір жылдай, бір күні бір айдай, бір күні бір аптадай, ал қалған күндері сендердің күндеріңдей болады”, – деді. Біз: “Уа, Алланың Елшісі! Бір жылдай созылатын сол күні бізге бір күннің намазы жеткілікті ме?” – деп сұрадық. Ол: “Жоқ, намаз уақыттарын мөлшерлеп есептеңдер”, – деді. Біз: “Уа, Алланың Елшісі! Ол жер бетінде қаншалықты жылдам жүреді?” – деп сұрадық. Ол: “Жел айдаған нөсердей жылдам жүреді. Ол бір қауымға келіп, оларды өзіне шақырады. Олар оған сеніп, үндеуін қабыл алады. Сонда ол аспанға бұйырады – аспан жаңбыр жаудырады, жерге бұйырады – жер өсімдік шығарады. Кешке олардың жайылымнан қайтқан малдарының өркештері бұрынғыдан да биік, желіндері барынша сүтке толы, бүйірлері мейлінше керілген болады. Содан кейін ол басқа бір қауымға келіп, оларды өзіне шақырады. Бірақ олар оның сөзін қабылдамайды. Ол олардан теріс айналып кетеді. Таң атқанда олар қуаңшылыққа ұшырап, қолдарында мал-мүлкінен ештеңе қалмайды. Ол қаңыраған бір жұрттың жанынан өтіп бара жатып: ‘Қазыналарыңды шығар!’ – дейді. Сонда оның қазыналары ара үйіріндей болып соңынан ереді.
Содан кейін ол жастық қуаты тасыған бір жігітті шақырып, қылышпен шауып, денесін екіге бөледі де, екі жартысын бір-бірінен нысанаға оқ ататын қашықтықтай алшақ тастайды. Содан соң әлгі жігітті қайта шақырады. Ол жүзі бал-бұл жайнап, күліп, Дәжжалға қарай келеді. Дәл сол кезде Алла Мәриям ұлы Мәсіх Исаны (а.с.) жібереді. Ол Дамаскінің шығысындағы ақ мұнараның жанына сарғыш түсті екі киім киіп, екі алақанын екі періштенің қанаттарына қойып түседі. Басын еңкейтсе, одан су тамшылайды, ал басын көтерсе, інжудей мөлдір тамшылар төгіледі. Оның демінің лебі жеткен әрбір кәпір міндетті түрде өледі. Оның демі көз жетер жерге дейін таралады. Иса Дәжжалды іздеп, Лудд қақпасының жанында қуып жетіп, өлтіреді. Содан кейін Алла Дәжжалдан аман сақтаған бір қауым Мәриям ұлы Исаға келеді. Ол олардың жүздерін сипап, Жәннаттағы дәрежелері жайлы хабарлайды. Олар осы күйде тұрғанда, Алла Исаға (а.с.): ‘Мен ешкімнің олармен соғысуға шамасы жетпейтін құлдарымды шығардым. Құлдарымды Тур тауына алып барып паналат’, – деп уахи етеді. Содан кейін Алла Яжүж бен Мәжүжді жібереді де, ‘олар әр төбенің басынан селдей ағыла бастайды.’ (‘Әнбия’, 96). Олардың алдыңғы легі Табария көлінің жанынан өтіп, ондағы судың бәрін ішіп қояды. Соңғы легі сол жерден өткенде: ‘Бір кездері бұл жерде су болған екен’, – дейді. Алланың пайғамбары Иса (а.с.) мен оның серіктері қоршауда қалады. Тіпті бір өгіздің басы олардың біреуі үшін бүгін сендердің біріңе жүз динардан да бағалы болады. Сонда Алланың пайғамбары мен оның серіктері Аллаға жалбарынады. Алла Яжүж бен Мәжүждің мойындарына ұсақ құрттар жібереді. Таң атқанда бәрі бір ғана жан өлгендей, бір мезетте қырылып қалады. Содан кейін Алланың пайғамбары Иса мен оның серіктері таудан түседі. Олар жер бетінен Яжүж бен Мәжүж өлекселерінің майы мен сасық иісі жайламаған бір сүйем де жер таппайды. Алланың пайғамбары Иса мен оның серіктері Аллаға жалбарынады. Сонда Алла мойындары қос өркешті түйелердің мойнындай құстарды жібереді. Олар өлекселерді көтеріп алып, Алла қалаған жерге апарып тастайды. Содан кейін Алла жаңбыр жібереді. Одан балшықтан салынған бірде-бір үй де, жүннен тігілген бірде-бір шатыр да қорғай алмайды. Жаңбыр жерді жуып, айнадай жарқыратып қояды. Содан кейін жерге: ‘Жемісіңді өсіріп шығар әрі берекеңді қайтар!’ – делінеді. Сол күні бір топ адам бір анарды жеп тояды әрі оның қабығын сая етеді. Сүтке береке беріледі. Тіпті бір сауын түйенің сүті қалың топқа, бір сауын сиырдың сүті тұтас бір тайпаға, ал бір сауын қойдың сүті бір рудың тармағына жететін болады. Адамдар осындай күйде өмір сүріп жатқанда, Алла жайлы жел жібереді. Ол олардың қолтықтарының астынан шарпып өтіп, әрбір мүмін мен әрбір мұсылманның жанын алады. Жер бетінде адамдардың ең жамандары ғана қалады. Олар есектерше ашықтан-ашық шағылысады. Қиямет солардың кезінде орнайды”, – деді» (2937/110).