Хадис

Сахих Мүслим, № 2053

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
65. Бүліктер кітабыكِتَابُ الْفِتَنِ
бап
47. Алғашқы белгі – күннің батыстан шығуыبَابٌ: أَوَّلُ الْآيَاتِ طُلُوعُ الشَّمْسِ مِنْ مَغْرِبِهَا
Нөмірі
№ 2053 (Мухтасар реті)
2053
Мүслим, № 2053Риуаят етуші: Абдулла ибн Амр (р.а.)

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عَمْرٍو رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: حَفِظْتُ مِنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ حَدِيثًا لَمْ أَنْسَهُ بَعْدُ، سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «إِنَّ أَوَّلَ الْآيَاتِ خُرُوجًا طُلُوعُ الشَّمْسِ مِنْ مَغْرِبِهَا، وَخُرُوجُ الدَّابَّةِ عَلَى النَّاسِ ضُحًى، وَأَيُّهُمَا مَا كَانَتْ قَبْلَ صَاحِبَتِهَا، فَالْأُخْرَى عَلَى إِثْرِهَا قَرِيبًا».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Амр (р.а.): «Мен Алла Елшісінен (с.а.с.) бір хадис жаттап алып, содан бері оны ұмытқан емеспін. Алла Елшісінің (с.а.с.): “Алғаш шығатын белгілер – күннің батыстан шығуы және жерден шығатын мақұлықтың сәске кезінде адамдардың алдына шығуы. Бұл екеуінің қайсысы бұрын шықса да, екіншісі көп ұзамай оның ізін ала шығады”, – дегенін естідім», – деді (2941/118).