Хадис

Сахих Мүслим, № 2075

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
66. Дүниеге құмартпау және жүректі жұмсартатын насихаттар кітабыكِتَابُ الزُّهْدِ وَالرَّقَائِقِ
бап
3. Пайғамбар (с.а.с.) сапасы төмен құрманың өзін де қарнын тойдырарлық мөлшерде таба алмайтынبَابٌ: كَانَ النَّبِيُّ ﷺ لَا يَجِدُ دَقَلًا يَمْلَأُ بَطْنَهُ
Нөмірі
№ 2075 (Мухтасар реті)
2075
Мүслим, № 2075

عَنْ سِمَاكِ بْنِ حَرْبٍ، قَالَ: سَمِعْتُ النُّعْمَانَ بْنَ بَشِيرٍ يَخْطُبُ، قَالَ: ذَكَرَ عُمَرُ مَا أَصَابَ النَّاسُ مِنَ الدُّنْيَا، فَقَالَ: «لَقَدْ رَأَيْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَظَلُّ الْيَوْمَ يَلْتَوِي مَا يَجِدُ دَقَلًا يَمْلَأُ بِهِ بَطْنَهُ».

Қазақша аудармасы

Симак ибн Харб былай деді: «Нұғман ибн Бәширдің құтба үстінде: “Омар адамдардың дүниелік игіліктерге кенелгенін сөз етіп: ‘Мен Алла Елшісінің (с.а.с.) күні бойы аштықтан бүктетіліп, қарнын тойдырарлық сапасы төмен құрманың өзін де таба алмай жүргенін көрдім’, – деді”, – дегенін естідім» (2978/36).