Хадис

Сахих Мүслим, № 2078

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
66. Дүниеге құмартпау және жүректі жұмсартатын насихаттар кітабыكِتَابُ الزُّهْدِ وَالرَّقَائِقِ
бап
6. Дүниеге құмартпау және Ұлы әрі аса мәртебелі Алланың алдында дүниенің құны төмен екені туралыبَابٌ: فِي الزُّهْدِ فِي الدُّنْيَا وَهَوَانِهَا عَلَى اللَّهِ عَزَّ وَجَلَّ
Нөмірі
№ 2078 (Мухтасар реті)
2078
Мүслим, № 2078Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

عَنْ جَابِرِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ مَرَّ بِالسُّوقِ، دَاخِلًا مِنْ بَعْضِ الْعَالِيَةِ، وَالنَّاسُ كَنَفَتَهُ، فَمَرَّ بِجَدْيٍ أَسَكَّ مَيِّتٍ، فَتَنَاوَلَهُ فَأَخَذَ بِأُذُنِهِ، ثُمَّ قَالَ: «أَيُّكُمْ يُحِبُّ أَنَّ هَذَا لَهُ بِدِرْهَمٍ؟» فَقَالُوا: «مَا نُحِبُّ أَنَّهُ لَنَا بِشَيْءٍ، وَمَا نَصْنَعُ بِهِ؟» قَالَ: «أَتُحِبُّونَ أَنَّهُ لَكُمْ؟» قَالُوا: «وَاللَّهِ لَوْ كَانَ حَيًّا، كَانَ عَيْبًا فِيهِ؛ لِأَنَّهُ أَسَكُّ، فَكَيْفَ وَهُوَ مَيِّتٌ؟» فَقَالَ: «فَوَاللَّهِ لَلدُّنْيَا أَهْوَنُ عَلَى اللَّهِ مِنْ هَذَا عَلَيْكُمْ».

Қазақша аудармасы

Жәбир ибн Абдулла былай деп жеткізді: «Бірде Алла Елшісі (с.а.с.) Алия жақтан қалаға кіріп, базар арқылы өтті. Адамдар оның екі жағынан еріп келе жатқан еді. Ол құлағы шолақ өлі лақтың жанынан өтіп бара жатып, оны құлағынан ұстады да: “Қайсысың мына лақты бір дирхамға алғың келеді?” – деп сұрады. Олар: “Оған ештеңе бергіміз келмейді. Оны қайтеміз?” – деді. Ол (с.а.с.): “Оның сендердікі болғанын қалар ма едіңдер?” – деп сұрады. Олар: “Алланың атымен ант етеміз! Тірі болған күннің өзінде құлағының шолақтығы оның кемшілігі болар еді. Ал енді өлі лақты қайтеміз?” – деді. Сонда ол (с.а.с.): “Алланың атымен ант етемін! Алланың алдында дүниенің қадірі сендердің алдарыңдағы мына лақтың қадірінен де төмен”, – деді» (2957/2).