Хадис

Сахих Мүслим, № 2082

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
66. Дүниеге құмартпау және жүректі жұмсартатын насихаттар кітабыكِتَابُ الزُّهْدِ وَالرَّقَائِقِ
бап
9. Ақыретпен салыстырғанда, дүние – сендердің бірің саусағын теңізге батырып алғанда оған ілесіп шыққан судай ғанаبَابٌ: مَا الدُّنْيَا فِي الْآخِرَةِ إِلَّا مِثْلُ مَا يَجْعَلُ أَحَدُكُمُ الْإِصْبَعَ فِي الْيَمِّ
Нөмірі
№ 2082 (Мухтасар реті)
2082
Мүслим, № 2082

عَنْ مُسْتَوْرِدٍ أَخِي بَنِي فِهْرٍ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «وَاللَّهِ، مَا الدُّنْيَا فِي الْآخِرَةِ إِلَّا مِثْلُ مَا يَجْعَلُ أَحَدُكُمْ إِصْبَعَهُ هَذِهِ» (وَأَشَارَ يَحْيَى بِالسَّبَّابَةِ) «فِي الْيَمِّ، فَلْيَنْظُرْ بِمَ تَرْجِعُ؟»

Қазақша аудармасы

Бәну Фиһр руынан шыққан Мустәурид былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.): “Алланың атымен ант етейін! Ақыретпен салыстырғандағы дүние – сендердің біріңнің мына саусағын теңізге батырып алғаны секілді ғана. Ендеше, саусағына не жұғып шыққанына қарасын!” – деді». Яхия осы тұста сұқ саусағымен ишара етті (2858/55).